You are here

Ресейде жас мұғалімдердің 20% сабақтарда АКТ пайдаланбайды

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 31.08.2016

Тәжірибелі мұғалімдер жас мұғалімдерге қарағанда оқытудың заманауи әдістерін анағұрлым жиі пайдаланады. Бұндай қорытындыға Экономика жоғары мектебі Білім беру институтының сарапшылары келді. 

40-59 жастағы мұғалімдердің 10%, жас мұғалімдердің (29 жасқа дейін) 20% өз кезегінде оқушыларды оқытуда АКТ пайдаланбайды. Сонымен қатар, анағұрлым ересек мұғалімдер балаларға тапсырмаларды өздеріне шешуге мүмкіндік беріп,  анағұрлым жоғары ынтамен белсенді оқытуға икемді болады. Мысалы. ересек мұғалімдердің 40% балаларға өз жетістіктерін өз бетінше талдауға үйретеді, ал жас мұғалімдер арасында сондайлардың үлесі 25%.

Сонымен қатар, тәжірибе мұғалімдер қатарынан шыққан тәлімгерлер ресейлік жас мұғалімдердің тек үштен бір бөлігінде ғана бар. Өз кезегінде бастаушы оқытушылардың 28% әріптестермен ынтымақтастық анағұрлым өнімді болар еді деп санайды.