You are here

Ресейде жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мүмкіндіктері кеңейтіледі

Printer-friendly versionPDF version

expert.ru, 24.05.2016

Қазіргі тандағы шағын жне орта кәсіпкерлік – дамыған елдердің әл-ауқатының негізі. АҚШ, Англия, Францияда шағын және орта бизнес ЖІӨ-нің 50%-дан астам үлесін, Жапония мен Қытайда – 60%-ды, ал Ресейде тек 20%-ды ғана құрайды.   

Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингінің жылдық баяндамасына (Global Entrepreneurship Monitor) сәйкес, дамыған елдер халқының 2,5%-дан 4%-ға дейінгі үлесі ғана бизнеспен шұғылдануға талпынысы бар. Ресейде бұл көрсеткіш 2,4%-ды құрайды.

Сарапшылардың айтуынша, жастарды оқыту арқылы кәсіркерліктің мәртебесін жоғарылату керек. 

2012 жылдан бастап іске асырылып жатқан "Ресей капитандары" жобасы кәсіпкерлікті жастар арасында дамытуға бағытталған. Бағдарламаға қатысу үшін студенттерге Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетіне ("Менеджмент" немесе "Жергілікті басқару" факультетіне) түсу керек, бұнда олар кәсіпкерлерден тәжірибелік жұмыстың қажетті көлемін алады. 

Капитан-студенттер оқу барысында жекеменшік бизнесті ашуға бағытталған. Бизнес-жобаны ашу және дамытуға қажетті қаржылық қолдауды осы білім беру бағдарламасы шеңберінде қызмет жасайтын "Капитан" венчурлік қоры көрсетеді. 

Ресей Президенті Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша 2020 жылға қарай шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 2,5 есе 50%-ға өсуі керек.