You are here

Ресейде ЖОО-дың ұлттық рейтингінің критерийлері әзірленді

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 06.05.2016

ММУ ректоры Виктор Садовничий ЖОО ұлттық рейтингі құрылатын критерийлер әзірленді деп хабарлады. 

ЖОО бағалайтын Мәскеуде шатб-пәтері бар тәуелсіз рейтингтік агенттік құру туралы ұсынысты Садовничий 2014 жылғы желтоқсанда айтқан болатын. Бұдан бұрын ол жобаны жүзеге асыру үшін бір рейтингтік агенттікті, тәуелсіз сарапшыларды тарту және қаржылық қолдауды талап ету керек деп хабарлады. 

Садовничийдің айтуынша, критерийлерді әзірлеу және рейтингті құрумен байланысты басқа да мәселелерді шешу үшін 30 ректордан тұратын жұмыс тобы құрылды. 

ММУ ректорыныі айтуынша, негізінде критерийлер тұжырымдалды. Соның ішінде университеттің өоғамдағы ролі, түлектердің тағдыры, жұмыс берушілердің пікірі мен университеттің аймақтағы, мәдениеттегі ролі тағы бар.  

Садовничий атап көрсеткендей, ЖОО-да даярлау сапасына да баса назар аударылады. Рейтингтің ғылыми бөлігі де - дәйексөз, танымалдығы келтірілді.

Садовничийдің айтуынша, соңғы отырыста рейтингтің операторы тандалды. Дегенмен, оны әлі жарияламады, өйткені бір топ қаржы мәселелерін шешу керек болып тұр. 

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап ақпарат жинау мен рейтингке қатысатын серіктестерді іздеу бойынша алғашқы іс-шаралары жоспарланды. ММУ ректорының пікірінше, ТМД мен Еуропа елдерінің университеттері рейтингтің қатысушылары болады.