You are here

Ресейде ЖОО оқытушысының жұмысы тартымдырақ болды

Printer-friendly versionPDF version

Open Economy, 11.01.2016

Ресейде университет педагогы жұмысының беделі соңғы жылдары жоғарылады. ЖОО оқытушылары өз мамандықтарындағы шығармашылық рухты және өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін бағалайды. Оқытушыны шығармашылық емес кеңсе жұмысына өтуге тек табысты ұсыныс қана әсер ете алады. ЖОО оқытушысын кеңсе саласына тарту үшін 2014ж. 100 мың рубльден кем емес жалақы ұсыну керек еді. 

Жоғары мектеп педагогтарының жалпыресейлік сауалнамасы негізінде 2010 жылдан бастап ЖОО оқытушысы мамандығын тандаудың негізгі себептері өзгермеген. Респонденттердің шамамен 70%-ы шығармашылық және қызықты жұмысты үнемі қажет етеді,  44% – жұмыс олардың білімі мен қасиеттеріне сәйкес келуі маңызды деп санайды. Шамамен үштен бір бөлігі – 32% – кәсіптік мансап перспективаларын жоғары бағалайды, ал 30% мамандығын жастармен қарым-қатынастары үшін жақсы көреді. Осы критерийлердің өзектілігі, өзін-өзі жетілдіру соңғы төрт-бес жылда жоғарылады. Сонымен қатар оқытушылар үшін ұжымдағы климат, жұмыс кестесі, басшылықпен қарым-қатынасы мен ЖОО беделі де маңызды болады екен.