You are here

Ресейдегі ғылым: теңсіз жағдайдағы мәнсіз жарыс

Printer-friendly versionPDF version

gefter.ru, 20.03.2017

РФ Президентінің мамырдағы жарлықтарына жауап ретінде 2012ж. "Ғылым мен технологияларды дамыту" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаны орындаудың басты индикаторларының бірі ретінде Білім министрлігі ресейлік авторлардың Scopus және Web of Science деректер қорларында дәйексөз келтірілетін ғылыми журналдардағы жариялымдарының санын анықтады. Бағдарламаның мақсаты – 1990 жылдардан бері белгілі бір себептерге байланысты ресейлік ғылым әлемде өзпозицияларын жоғалта бастағанын ескерсек, айтарлықтай ілгерілшіл.

Көп жылдар бойы тұрақтанған "ЖОО-ҒЗИ" кеңестік үлгіден  (нақты үлестірілген басымдықтар: ЖОО негізінен жоғары білімді қамтамасыз ететін, ал ҒЗИ ғылымды ілгерілететін) батыстық үлгіге (ЖОО екі функцияны да орындайды) кенет өту бұл реформаға жүктелген үміттерді әлі де ақтап шықпады. 

Жаңа үлгіге өтуді ресейлік ЖОО оқытушыларының жүктемесінің құрылымына тиісті өзгерістер енгізуден бастау керек. Алайда, ресейлік әріптестер уақыттың басым бөлігін бұрынғыдай оқыту жұмысына, ал қалған уақытты "болардай" жұмсайтынын атап өтеді.  

Осылайша, барлық америкалық университеттерде "40-40-20" ПОҚ жүктеме жүйесі шартты түрде қабылданған. «40-40-20» қағидасына сәйкес, америкалық университет професорының жалпы жүктемесі үш негізгі бөлікке бөлінген: оқыту (teaching) — 40%, ғылыми-зерттеу (research) — 40% және қоғамдық (service) — 20%.

Оқыту жүктемесі аудиторлық (дәрістер, семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар) және аудиториядан тыс жүктемені (студенттердің өздік жұмысын басқару, магистранттармен және докторанттармен өзара әрекеттесу), сонымен қатар кеңес беруді (office hours) қамтиды. Оқу жүктемесінде сабаққа дайындалу және студенттердің жұмысын тексеру уақыты да кіреді.

Ғылыми-зерттеу қызметі зерттеулерді өткізу, гранттар алу және оларды орындау, конференцияларға қатысу уақытын және жариялымдық белсендікті және т.б. қамтиды.

Қоғамдық жүктеме әртүрлі комиссияларға қатысуды (кафедра, факультет, университет деңгейінде), кафедра және факультет отырыстарына қатысуды, журналдардың ред. ұжымына мүшелікті, мақалаларға рецензия беру және т.б. қарастырады.

Америкалық университеттерде жұмыс аптасының ұзақтығы туралы жасырын консенсус бар: 40 сағат. Осылайша, 40 сағаттық оқу жүктемесімен толық жұмыс аптасы 16 сағатты (40%), ғылыми-зерттеу қызметі 16 сағатты (40%), қоғамдық жұмыс 8 сағатты (20%) құрайды. 

Стратегия, талдау және болжамдау департаментінің директоры Г.Андрущаканың "Ресей Білім министрлігінің ЖОО-да профессорлар мен оқытушылар құрамының еңбегін өтеу" баяндамасының деректері бойынша ресейлік ЖОО ПОҚ орташа аудиториялық жүктеме (аптасына сағат саны) үнемі өседі. Егер 2006ж. ол аптасына 16,3 сағатты құраса, 2012ж. ол 17,6 сағатты, ал 2014ж. 21,2 сағатты құрады. Осылайша, ресейлік оқытушынығ жалпы жүктеменің басым бөлігі (40 сағаттық жұмыс аптасының шамамен 30 сағаты немесе уақыттың 75%-ы) оқыту қызметіне тиесілі болады.

Екінші тежеуші фактор төмен еңбекақы болып табылады. Көптеген оқытушылар отбасыны асырау үшін  екі-үш жерден қосымша табыс іздеуге мәжбүр. РФ Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2014ж. және 2015ж. ресейлік ЖОО ПОҚ-тың ел бойынша орташа жалақысы айына 47 мың – 49 мың рубльді құрады. Дегенмен, тіпті бір өңірдегі жекелеген университеттердің арасында жалақының 17 мыңнан 65 мыңға дейінгі айырмашылығы бар. Осылайша, америкалық университеттердегі профессор жалақысының деңгейі (орта есеппен АҚШ-та – $9023) оны басқа жерлерде жұмыс істеуге мәжбүрлемейді.

Осылайша, жоғарыда аталған факторлар ресейлік оқытушыларға салыстырмалы түрде бастапқы жағдайын қамтамасыз етпей, рейтингтердегі жоғары орындарға ұмтылу мәнсіз екенін дәлелдейді.