You are here

Ресейдегі қабылдау кампаниясы-2016: педагогикаға анағұрлым мықты студенттер келді

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 11.08.2016

Ресейде педагогикалық мамандықтарға деген сұраныс өcуде. Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (МҚПУ) бағдарламарының басым бөлігінде қабылдау емтихандарының жиынтық балы 200-ден асты. Балдың максималды саны 300 болды, оқыту бағытына байланысты 3 қабылдау емтиханының әрқайсысына 100 балдан тиесілі болды. 

Осы жазда МҚПУ дайындық бейінін бұдан әрі нақтылаумен алғаш рет "Педагогикалық блім беру" бағыты бойынша талапкерлер қабылданды. 

Жаңа модель студентке бір жылдың ішінде білім беру бағдарламасының тек жалпы мәдени және жалпы кәсіптік бөлігін ғана меңгеруге мүмкіндік береді. Қызметтің бейінін ақырғы таңдауды (мысалы, бастауыш немесе мектепке дейінгі білімнің, математиканы немесе француз тілін оқытудың пайдасына қарай) жастар бірінші курстың қорытындылары бойынша жасайды. Бұндай құқық магистратураның білім алушыларына да берілді. 

Сонымен қатар, осы жылдан бастап болашақ магистрлерді топтарға бөледі және модульдің екі нұсқасы бойынша оқытатын болады. Педагогикалық білімі бар студенттерді – педагогикалық құзыреттіліктің деңгейін тереңдету және кеңейту модульдері бойынша, ал басқа мамандықтардан келгендерді базалық педагогикалық модульдер бойынша оқытады. 

Магистратурада педагогикалық қызметкерлерді басқару құзыреттіліктеріне, менеджменттің, құқықтанудың негіздеріне және дефектология циклі пәндеріне оқытумен байланысты бағдарламалар жоғары сұранысқа ие.  Бұл бағдарлама бойынша бір орынға орта есеппен 5-6 түсуші таласады.