You are here

Ресейдің білім мен ғылымды бақылаудың федеративтік қызметі он екі ЖОО-ға және филиалдарға студенттерді қабылдауға тыйым салды

Printer-friendly versionPDF version

ria.ru, 29.07.2016

Ағымдағы жылғы 22 шілде және 28 шілде аралығында өткен тексерістер нәтижесінде Ресейдің білім мен ғылымды бақылаудың федеративтік қызметі он екі ЖОО және филиалдарға, соның ішінде Мәскеу өнер академиясы мен "МИРБИС" Мәскеу халықаралық бизнес жоғарғы мектебіне студенттерді қабылдауға тыйым салды. 

Ресейдің білім мен ғылымды бақылаудың федеративтік қызметі Кам өнер және дизайн институтына, Кавказ елдерінің достастығы институтының Буденновск филиалына, Туризм технологиясының институтына, Ұлттық қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару институтына, Мәскеу өнер академиясына, Уральск экономика, басқару және құқық институтының Нижний Тагилдағы филиалына, Сібір құқық, экономика және басқару академиясының Ангар филиалына, Ресей кооперация университетінің Арзамасск филиалына, Академиялық құқықтық институтының Тамбов және Анапа филиалдарына, "МИРБИС" Мәскеу халықаралық бизнес жоғарғы мектебіне, сонымен қатар Уральск коммерция және құқық институтының Салехардск филиалына студенттерді қабылдауға тыйым салды. 

Сонымен қатар Ресейдің білім мен ғылымды бақылаудың федеративтік қызметі Басқару институтының және оның Северодвинск филиалының, Мәскеу психологиялық-әлеуметтік университетінің Башкириядағы Стерлитамак және Смоленск облысындағы Рославль филиалдарының, сонымен қатар Халықаралық бағалау және кеңес беру академиясының, Мәскеу гуманитарлық-экономикалық институтының Воронежск филиалының мемлекеттік аккредитациясын толық тоқтатты.  

Сонымен қатар, ведомство Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің және Ижевск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясының мемлекеттік аккредитациясын жартылай тоқтатты. Мазмұндағы сәйкестіктерді жоймағаны және білім алушылардың даярлау сапасы үшін жоғары білім беру бағдарламалары бойынша Сібір тұтынушылық кооперация университетінің Бурят филиалы аккредитациядан толық, Волжск мемлекеттік су көлігі университетінің және Пятигорск Экономика және басқару институты жартылай айрылды. 

Білім беру қызметін көрсету құқығын беретін лицензияны ЖОО-ға Ресейдің білім мен ғылымды бақылаудың федеративтік қызметі береді және ол ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді көрсету құқығын растайды. Ол күшін жоғалтқан жағдайда, ЖОО білім беру қызметін тоқтатуға міндетті.