You are here

Ресейдің Білім және ғылым министрлігі және МЭИ талапкерлерге арналған "Дұрыс тандау жаса" атты тегін қосымшаны іске қосты

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 08.06.2017

"Мәскеу Энергетикалық институты" ұлттық зерттеу университеті Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, ЖОО-ға түсу туралы қажетті ақпаратты білуге көмектесетін "Дұрыс тандау жаса" атты талапкерлерге арналған тегін қосымшаны әзірледі. 

Жаңа сервис барша ниет білдірушілерге 2017ж. студенттерді қабылдап жатқан Ресейдің ЖОО-лары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Пайдаланушылар ЖОО қабылдау комиссиясының байланыс ақпаратын, аккредитация, мамандықтар және дайындық бағыттары, ақылы қызметтің бағасы, өткен жылдардың қабылдау нәтижелері, университеттің әртүрлі рейтингтерге қатысуы туралы мәліметті таба алады. Қосымша әртүрлі критерийлер бойынша ЖОО-лардың жеңіл табылуын, ЖОО-ларды тандалған өлшемшарттар бойынша салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Әзірлеу барысында бірқатар ақпараттық жүйелерден алынған ақпарат пайдаланылды, ал оқу орны растаған мәліметтер төлқұжатта арнайы мөрмен басылған деп қосты ведомство.

Қосымша Google Play және App Store арқылы қолжетімді.