You are here

Ресейдің Білім және ғылым минситрлігі ЖОО оқытушыларының еңбекақысын жоғарылатуға арналған шығыстарды арттырады

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 28.11.2016

РФ Білім және ғылым министрлігі үш жылда ЖОО ПОҚ жалақысын арттыру шығыстарын ұлғайтатын болады.

РФ Білім және ғылым министрлігі Қаржы департаментінің директоры Андрей Зарубин президенттің ПОҚ жалақысын жоғарылатуды қарастыратын мамырдағы жарлығын еске салды.

Анықтама үшін: Мамыр жарлықтары — әлеуметтік кепілдіктерді дамытудың кең бағдарламасы, оны Владимир Путин 2012ж. президент болғанда бірден баяндады. Міндеттердің басым бөлігі 2018 жылға қарай орындалуы керек. Атап айтқанда, бюджеттің есебінен қаржыландырылатын қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы осы мерзімге дейін өңір бойынша орташа көрсеткіштен 100% дейін өсу керек.

Сонымен бірге РФ Білім және ғылым министрлігі ғылыми қызметкерлердің жалақысын жоғарылату үшін үш жылдық бюджетте қосымша қаражат бөледі. 2017 жылы қосымша 6,6 млрд. руб., 2018 жылы 13,2 млрд. руб. ($207,7 млн.) және 2019 жылы 17,2 млрд. руб. ($270,9 млн.) бөлінеді.