You are here

Ресейдің бұрыңғы білім министрі немен есте қалды?

Printer-friendly versionPDF version

lenta.ru, 19.08.2016

РФ білім және ғылымның жаңа министрі болып РФ Президенті әкімшілігінің жанында Қоғамдық жобалар басқармасы басшысының бұрыңғы орынбасары Ольга Васильева тағайындалды.

Білім және ғылымның экс-министрі Дмитрий Ливанов өз жұмысы мерзімінде әртүрлі бастамаларымен есте қалды. 

Ливанов БМЕ белсенді жақтаушысы болды. Экс-министрдің жұмысы мерзімінде БМЕ анағұрлым ашық болды, емтиханды өткізу барысында бұзушылықтар саны азайды. Емтихандар өтетін бөлмелер енді бейнебақылау жүйелерімен жабдықталды, емтихан барысын мыңдаған қоғамдық бақылаушылар қадағалайды. 

Ливанов сапасыз ЖОО-мен белсенді күресті. ЖОО тиімділігінің мониторингі алғаш рет 2012 жылы өткізілді, 2013 жылдан бері білім сапасын дәлелдей алмаған, негізінен мемлекеттік емес, шамамен 800 ЖОО және филиалдар лицензиядан айрылды. 

Ливановтың есімі диссертациялардағы плагиатпен күрес жөніндегі кампаниясымен байланысты. 2013ж. басында Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетте қорғалған тарихтан докторлық және кандидаттық диссертацияларды тексеру барысында көп бұзушылықтар анықталды. Тергеу қорытындылары бойынша 11 адам ғылыми дәрежеден айрылды.

2013ж. Ливанов кезінде кеңес үкіметінен кейінгі тарихтағы Ресей ғылымдар академиясының (РҒА) ең ауқымды қайта құрылуы жасалды: РҒА Ресей медициналық ғылымдар академиясын және Ресей ауылшаруашылық академиясын біріктіру арқылы оңтайландырылды. РҒА мүлкін басқару Федералдық ғылыми ұйымдардың агенттігіне берілді. Дегенмен, реформа РҒА президентінің және қызметкерлердің өздерінің қатысуынсыз әзірленді, ғалымдардың құжатайналым бастылығы соның салдары болды. 

Экс-министрдің барлық реформалары сәтті аяқталмады. 2013ж. "5-100" жобасына қатысушы 15 ЖОО іріктелді, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және  бірқатар білім беру рейтингтерінің нұсқасы бойынша (QS WUR, Times Higher Education, Shanghai ARWU) үздік университеттердің топ-100 кіру үшін оларға 42 млрд. руб. бөлінді (ақырында тағы 2,5 млрд. руб. қосылды). 2015ж. бағдарламаға тағы 6 университетті қосты және үкімет жобаға жыл сайын 14,5 млрд. руб. бөлуге қаулы етті. 

2016ж. қаңтарда Есептеу палатасы бағдарламаны сынады. Қаржы алған бірде-бір ЖОО әлемдік университеттер рейтингілерінің алғашқы жүздігіне кірмеді.  

Ливановтың бастамасы - тарих пәнінен бірыңғай оқулығы қоғам тарапынан бір мағыналы емес жауап алды. 2013ж. ресейлік тарихтың барлық кезеңдерін байланыстыру және өткенге құрметпен қарау мақсатында мемлекеттің тарихы бірыңғай тұжырымдама шеңберінде ұсынылатын оқулықтар жасау ұсынылды, Оппоненттер оқушыларға елдің тарихына деген бірыңғай көз-қарасты зорлап міндеттеу жалпыға ортақ пікірлестік кезеңіне оралтады деп айтты.