You are here

Ресейлік ата-аналар үздік балабақшалар, мектептер мен жоғары оқу орындар таңдауды үйренуде

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 01.02.2016

«Білім берудің ұлттық ресурстары» жалпыресейлік халықтық фронт "РФ білім беру мекемелері: "жақсы" деген не?" зерттеуін өткізді. Бұл зерттеудің мақсаты білім беру сапасын қоғамдық тапсырыс арқылы жақсарту болып табылады. Бұл үшін ата-аналарға білім беру мекемесін таңдауға әсер ететін факторлар туралы сауалнама өткізілді.

Зерттеуге РФ 10 субъектісінен 3 мыңнан астам адам қатысты. Білім беру мекемесін таңдаудың ең маңызды критерийлер рейтингісінің бірінші орнында "Мекеменің орналасқан жері" тұр. Ата-ана көп бөлігінің пікірі бойынша, бала неғұрлым кішкентай болса, білім беру мекемесі соғұрлым жақынырақ болуы керек. 

Зерттеуге сәйкес балабақшаны таңдау кезінде ата-ананың 70%-ы оның орналасқан жерін, 67%-ы — бала күтуді ұйымдастыруын, 62%-ы — оқыту мазмұнын, ал 59%-ы - педагогикалық құрамды ескереді. ЖОО таңдау кезінде ата-аналарға оның беделі, мектеп таңдағанда - қауіпсіздік, ал колледж таңдаған кезде - материалдық-техникалық жабдықталуы маңызды болады екен. 

Ресей отбасылары өз баласы үшін білім беру мекемесін таңдауға баса назар аударады. Зерттеу білім беру басқармасы мен мекемелерінің басшылары ескеруге тиісті айқын ата-ана сұранысын анықтайды. Бұл балабақшаларды, мектептерді, колледждер мен ЖОО-ды қоғамдық мінсіздікке жақын етуге көмектеседі.