You are here

Ресейлік балалар қаржы саласында сауатты

Printer-friendly versionPDF version

FinRussia, 01.06.2016

Ресейде қаржылық өмірге тарту айтарлықтай ерте жастан басталады. Осы заманның жасөспірімдері 14 жастан-ақ әртүрлі қаржылық құралдарды белсенді қолдана бастайды. Жасөспірімдер банктік карталар мен виртуалды әмианды жиірек қолданады. Бұл - Қаржы министрлігі мен Дүниежүзілік банк іске асырып жатқан халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жобасы шеңберінде Ұлттық қаржылық зерттеулер агенттігі өткізген бүкілресейлік сауалнаманың мәліметтері. 

Сауалнама көрсеткендей, қазіргі замаңғы ұрпақ ерте жастан белсенді қаржылық өмір бастауымен ерекшеленетінін көрсетті. Бұл кезде олар заманауи құралдарды пайдаланады. 

Зерттеулер нәтижелеріне сәйкес, бойжеткендер мен бозбалалардың (14-17 жас) 50%-дан астамы 2015 жылы қаржылай қор жинады. Солай бола тұра, ата-аналарына қарағанда, олар абстрактылы алай-бұлай бола қалған "қара" күнге емес, нақты бір нәрсеге жинайды екен. Электронды гаджет, киім немесе аяқ киім сияқты жаңа затты сатып алу олардың жиі кездесетін мақсаты болып табылады. Сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің тек 11%  ғана нақты мақсатсыз ақша жинайды. 

Респонденттердің үштен бір бөлігі белгілі бір қаржылық қызметті қолданды деп белгіледі. Сауалнамаға қатысқандардың 19%-ы банктік картаны қолданды. 17%-ы виртуалды әмианның мүмкіндіктерін пайдаланды. Ал жасөспірімдердің 7%-да ғана банктегі щот есебі, 2%-нда ашық салымы бар екен. Бұл қазіргі жастардың қаржылық қызмет көрсетуді қашықтықтан алу форматында - интернет-төлемдер мен интернет-дүкендердегі сатып алулар алуға мүмкіндік беретін қызметтерге жиі қызығушылық танытуымен байланысты. 

Ресейлік заңнамаға сәйкес, 14 жасында төлқұжат алғаннан кейін кез-келген ресей азаматы қаржылық қызметтерді ала алады. Және егер 14-жастағы мектеп оқушылары арасындағы балалардың 77% ешқандай банктік қызметтерді пайдаланбаса, 17-жастағы жасөспірімдердің 56%-ы қаржылық өмірге тартылмады.