You are here

Ресейлік БМЕ емтиханның басқа нысанына ауыстыру керек пе?

Printer-friendly versionPDF version

Лента.ру, 03.03.2017

Ольга Васильева 2016ж. қыркүйекте министр болып тағайындалғаннан кейін  көпшілік қауым БМЕ өзгерістер күтті. Бұл оқу маусымында түбегейлі өзгерістер болмады. Бірақ бірқатар мектептерде түлектер БМЕ үшін тандаған пәндерінен жазбаша жұмысты эксперимент ретінде тапсырады. Білім және ғылым министрлігі бұл "жаттанды оқу" мәселесін шешеді деп санайды. Қазірдің өзінде, Білім мен ғылым саласындағы федералдық қызметтің басшысы Сергей Кравцовтың айтуынша, тестілеу кәдімгі бақылау жұмысына айналды, өйткені шетел тілінен басқа барлық пәндерде жауаптардың нұсқалары алынып тасталды. Ал егер ЖОО ректорлары институттарға қабылдау емтихандарын қайта оралуын қолпаштай алса, БМЕ мүлдем керек болмай қалады.

"Екінші мектеп" математикалық лицей директорының орынбасары Александр Ковальджи бағдарламаны қысқарту - БМЕ-нің басты зияны деп санайды. Бұрын адамның жалпы мәдениетінің деңгейін көрсететін аттестат болатын. Ол нақты және гуманитарлық ғылымдарды білетіні және физикалық дамуы қандай екені көрініп тұратын. Ал қазір міндетті пәндер бар, қалғандары - көзбояушылық. 11-сыныпта негізгі жұмыс БМЕ-ға дайындау болып табылады. Білім және ғылым министрлігі бұған қарамастан, БМЕ-де тапсырылмайтын пәндерден бақылау жұмыстарын тапсыруды ұсінды. Бірақ бұл, жағдайды құтқармайды.

"Интеллектуал" дарынды балаларға арналған мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Всеволод Луховицкий БМЕ кенет алып тастаса, дұрыс болмайды деп санайды. Мектеп — жылдам қозғалатын көлік емес, оның тұтқасын оңды-солды бұрауға болмайды. Реформаны жасауға бел буылса, оны кезең-кезеңімен жасау керек. БМЕ-нің мәні — білімді объективті тексеру. Ол үшін екілік талқылау болмайтын бірмәнді жауаптар керек.

ЭЖМ Білім сапасы мониторингі орталығы ғылыми жетекшісі Виктор Болотовтың айтуынша, БМЕ шалғай аудандардың балаларына Ресейдің жетекші ЖОО-ға түсу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатымен енгізілген болатын. Сондықтан барлық жерде емтихандар рәсімін бірдей өткізу маңызды болды. Калининград, Красноярск немесе Мәскеуде 50 балл бірдей деп айтуға мүмкіндік береді. Яғни бұл тұрғыда БМЕ мәні сақталып келеді.

Ол БМЕ-ден жауапты тандаумен тапсырмалардың алып тасталуына қарсы. Егер үшпен оқитын оқушының жауап нұсқалары бар болып, ол пәнді нашар білетін болса, онда бұл ол үшін жақсы көмек болар еді.

Бұл кезекте, БМЕ түрлену керек екеніне сенімді. Бұнда құзыреттілікті дамытуға арнлаған тапсырмалар көбірек болуы тиіс. Олар формулалар мен теоремаларды механикалық білуін емес, оларды күнделікті өмірде қолдану қабілетін тексеру керек. Пифагор теоремасын білу шарт. Сонымен қатар, үйден мектепке дейін ең қысқа жолды таба білу де маңызды.