You are here

Ресейлік ғалымдар оқушылардың оқу жетістіктерін оқу жылы басталмас бұрын болжауға болатынын көрсетті

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 12.05.2016

Экономиканың жоғарғы мектебі Ұлттық зерттеу университеті Білім сапасын мониторингтеу орталығының зерттеушілері бірінші сынып оқушыларының математика және сөз қорындағы прогрессі мектепке дейінгі даярлықтың деңгейі мен ата-анасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесімен анықталатынын дәлелдеді.   

Ғалымдар iPIPS (International Performance Indicators in Primary School) әдістемесінің көмегімен Татарстан Республикасының 38 мектебінен 1297 бірінші сынып оқушыларын қамтыды.  

Анықтама үшін: iPIPS баланың мектептегі оқуға даярлығын және оның бірінші оқу жылы ішіндегі жеке прогресін бағалауға бағытталған халықаралық зерттеу болып табылады. Британдық Дарем Университетінде әзірленді. 

Балаларды алғаш рет 2014 жылғы күзде мектепке оқуға қабылдаған кезде, екінші рет 2015 жылғы көктемде оқу жылының соңында тестіледі. Ғалымдар олардың сөз қоры (жазу, сөздік қоры, оқу) және математика (жай есеп, қосу және алу, сөз есептерді шешу) дағдалырын тексерді. Жыл бойғы көрсеткіштердің айырмашылықтары мектеп пәндері бойынша оқушы прогресінің көрсеткіштері болды. 

Сонымен қатар, ғалымдар оқушының әлеуметтік және эмоционалдық дамуын бағалады, сондай-ақ,  отбасы мен мұғалімдер туралы ақпаратты нақтылады. Нәтижелерге сәйкес, мектептің мәртебесі балалардың жетістіктеріне тікелей әсер етеді, мәртебесі жоғары мектептерде оқушылардың жетістіктері де жоғарырақ болды. Бірақ, дегенмен, бұндай мектептерге де даярлығы жоғары оқушылар келеді екен, ал олардың жыл бойындағы абсолюттік прогресі жай мектеп оқушыларының прогресімен тепе-тең келеді екен. 

Баланың мектептегі бірінші оқу жылындағы математикадан алатын балына оның мектепке дейінгі математикалық даярлығы мен отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі әсер етеді. Лицей мен гимназияда білім алатын балаларды аналары анағұрлым білімді болып шықты: 71%-да жоғары білімі, 22%-да орта кәсіптік білімі бар. Жай мектептерде білім алатын балалардың аналарының жартысында ғана жоғары білімі, ал үштен бір бөлігінде орта кәсіптік білімі бар екен.