You are here

Ресейлік колледждер ағылшын тілін білетін кәсіпкерлерді даярлайды

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 11.05.2017

Ресейлік колледждердің үштен бір бөлігі 2017-2018 оқу жылынан бастап ағылшын тілін білуді және кәсіпкерлікке оқытуды қарастыратын жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істей бастайды. 

РФ Білім министрлігінің деректері бойынша 10 мамырда жаңа білім беру бағдарламаларын лицензиялаудың қорытындылары жасалды. Жаңа оқу жылы 73 субъект осы бағдарламаларды Ресейдің мыңнан астам колледжінде іске асыруға кіріседі (жалпы санынан 32%-ы).

Студенттерді оқыту үш құрамдас бөлікті қамтитын болады: көрсетілетін емтихан нысанындағы қорытынды аттестаттау, заманауи құрал-жабдықтары бар жаңа оқу-өндірістік база және тікелей жұмысберушілер әзірлеген кәсіптік стандарттар ескерілген білім беру бағдарламаларын іске асырылуына қойылатын түбегейлі жаңа талаптар.

Колледж түлегі "Білім қорындағы" маңызды тармақтары - ағылшын тілді интерфейсі бар құрал-жабдықтармен жұмыс істеу үшін ағылшын тілін меңгеру (кәсіптік спецификаны ескерумен) және «кәсіпкерлік пакет» (өз ісін жеке кәсіпкер ретінде ұйымдастыру туралы білім).