You are here

Ресейлік мектептер демалыстың жаңа нысанына өтіп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Российское Образование, 15.11.2016

Ресейдің кейбір мектептеріне демалыстардың модульдік жүйесі енгізіліп жатыр. Мектептер бұл жүйені тандай алады немесе тоқсандық дәстүрлі жүйені қалдыра алады. Модульдер жүйесі шеңберінде оқудың бес аптасынан кейін бір апта демалыс беріледі.

Дәстүрлі кесте кезінде демалыстардың арасындағы алшақтық тым үлкен, әсіресе үшінші тоқсанда. Бұл оқушыларды шаршатады. Демалыстың модульдік жүйесіне өтудің артықшылықтарының бірі - қысқа, бірақ жиі болатын демалыс. Бір апта демалыс уақытында оқушылардың демалуға, көңіл көтеруге және сабақты қайталауға мүмкіндіктері бар.

Демалысты қалай ұйымдастыру туралы шешімді мектептердің өздері қабылдайды. Қазіргі уақытта мәскеулік мектептердің жартысына жуығы  жаңартылған жүйеге өтті.