You are here

Ресейлік оқушылар оқытудың жаңа моделімен мектепті емес, курсты тандай алатын болады

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme.ru, 27.07.2017

"Әлеуметтік өзгерістер импульсі" форумында ашық желілік білім берудің моделі, шеринг (sharing) көрсетілді. Модельді әзірлеушілер ол мектеп бағдарламасын өңір немесе муниципалитет деңгейіндегі талаптарға қатысты түзетуге мүмкіндік береді деп санайды.

Модель оқу жоспарларын да, ресурстарды да желілік даму туралы келісім арқылы мектептердің, тіпті кәсіпорындардың арасында үйлестіруді қарастырады. Өңір деңгейінде өзекті курстардың тізімі анықталады, оған қоса барлық мектептерге ортақ оқу жоспары әзірленетін болады. Мектептер белгілі бір курстың шеңберінде ортақ пайдалануға ресурстарын ашатын болады. Мамандандырылған білім беру ұйымдары, музейлер, ЖОО-лар және салалық кәсіпорындар да ресурстарымен бөлісе алады. Шеринг кезіндегі оқытумен де мекемелердің мұғалімдері мен өкілдері: инженерлер және басқа құзыретті адамдар да бөлісе алады. Дәл осылайша ата-аналар өз балаларына мектепті емес, курстарды тандауға мүмкіндік беріледі. Модель РФ Жкономикалық даму министрлігінің өкілдерінен қолдау тапты, олар шерингті басқа салаларда да пайдалану мүмкіндігін айтты.