You are here

Ресейлік оқушылар шетел тілін білер-білмесіне тексерілді

Printer-friendly versionPDF version

Mk.ru, 21.10.2016

Ресей мектептерінің 8-сынып оқушылар шетел тілін білер-білмесіне тексерілді. Жақын арада 5-сынып оқушыларын тексеру жоспарланды. Тексеру Ұлттық білім беру сапасын зерттеу аясында өткізілді.

Тексеруге 39 мың оқушы қатысты. Олардың 35 мыңы ағылшын тілін, 2 мыңы неміс тілін және тағы 2 мыңы француз тілін меңгеру деңгейлері тексерілді. 45 минуттың ішінде оқушылар тыңдалым, мәтінді түсініп оқу, дауыстап оқу, суретті сипаттау, лексика және грамматика бойынша тапсырмаларды орындауға тиіс еді. Оқушылардың шетел тілде түсіну және түсіндіру қабілетін анықтау басты міндет болды.

Бұл бастама 2013 жылғы БМЕ өткізу барысында әртүрлі бұзушылықтардың нәтижесі болды. Ресей мектептерін кездейсоқ тексерулер математика, информатика және тарих пәндерінен өткізілген болатын. Келесі екі жылда қалған жалпы білім беретін пәндер бойынша тексеру өткізу жоспарланды.

Өткен тексерістердің нәтижелері тексерілген пәндер бойынша 5-сыныптан кейін оқушылардың сабақ үлгерімі төмендейтінін көрсетті. Мектеп бағдарламасын реттеу және мұғалімдердің біліктілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленді. Бұл шаралардың табыстылығы бұл мектептерді келешекте қайта тексергеннен кейін белгілі болады.