You are here

Ресейлік профессорлар мен декандар біліктілігін онлайн арттырады

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 28.04.2017

Томск политехникалық университеті мен Сколтех ресейлік ЖОО басшылары мен оқытушыларына арналған біліктілікті арттыратын онлайн-бағдарламаны іске қосты. 

Бағдарламаның қатысушылары инженерлік білім беруді жаңартуға бағытталған CDIO халықаралық тұжырымдамасы мен стандарттарымен танысады. Бұндай стандарттар бойынша оқытылған инженерлер кешендік инженерлік өнімдерді, процестерді және жүйелерді заманауи ортада бүкіл тіршілік кезеңі бойы сүйемелдеуде қамтамасыз етуге  (жоспарлау (Conceive) – жобалау (Design) – өндіру (Implement) – қолдану (Operate)) және өз іс-әрекетінің экономикалық, экологиялық және технологиялық салдары үшін жауапты болуға қабілетті болады.

Бес модульден тұратын бағдарлама 12 стандарттың талаптарын біріктіреді және білім беру бағдарламаларын кезеңмен жаңғыртуды ұсынады. Стандарттар үш сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді: түлек нені біліп, нені жасай алуы тиіс, түлек бұған үйренуі үшін оқытушы не істеуі тиіс, түлек өзінің құзыреттерін қалайша көрсетуі, ал оқытушы оларды қалай бағалауы тиіс. Бағдарлама білім беру бағдарламаларын реформалаудың халықаралық тәжірибесі ресейлік тәжірибеге бейімделгенімен қызықты.