You are here

Ресейлік студенттер дипломдық жұмыстың орнына стартаптар жасайды

Printer-friendly versionPDF version
Edutainme, 17.05.2017

РФ Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі әзірлеген «РФ-ның сандық экономикасы» бағдарламасы дипломдық жұмыстарды стартаптар түрінде орындауды ұсынады. Жаңа практика 2019 ж. енгізілуі мүмкін.

Бірнеше ресейлік ЖОО бастаманы қолдады: стартап түріндегі дипломдық жұмыстар И. Кант атындағы БФУ, Ю.А. Гагарин атындағы СМТУ, АТМО Университетінде қорғалды. Бағдарлама федералдық деңгейде де мақұлданады деп жоспарлануда. Әзірше жобаға көп сын айтылуда. Мысалы, оқытушылар заңды тұлғаны тіркеу студенттің назарын оқудан басқаға ауып кетуінен қауіптенеді, алғашқы бизнес көп жағдайда сәтсіз, ал кәсіпкерлікпен айналысу студенттер үшін шамадан тыс жүктеме болуы мүмкін.

«РФ-ның сандық экономикасы» бағдарламасының мақсаты – ІТ саласындағы түлектердің санын арттыру. 2012 ж. ресейлік ЖОО-ларда ІТ мамандары үшін 27 мың бюджеттік орын болған, ал бүгінгі күні олардың саны 42 мыңға жетті. Құжатқа сәйкес, 2020 жылға қарай осы саладағы түлектердің саны 60 мың адамды, ал 2025 жылға қарай 100 мың адамды құрауы тиіс.