You are here

Ресейлік ЖОО-лардағы бюджеттік орындарға конкурс бір орынға 8,2 өтінішті құрады

Printer-friendly versionPDF version

Учительская газета, 01.09.2017

Ресейдің БҒМ 2017 ж. қабылдау кампаниясының бірінші қорытындыларын шығарды. Ағымдағы жылы бюджеттік орындарға қабылданғандардың БМЕ орташа балы былтырғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,6 балға артып, 68,2 балды құрады.

Мәскеу және Санкт-Петербургтың ЖОО-ларында бюджеттік орындарға қабылданғандардың БМЕ орташа балы сәйкесінше 76,2 және 75,8 балды құрады.

Бюджеттік орындарға 1,5 мың адамнан аса қабылдаған ЖОО-лардың арасында ең жоғары көрсеткіштер Мәскеу және Санкт-Петербург ЖОО-ларында шоғырланған: олар бойынша орташа балл 79,9 құрайды. Федералдық ЖОО-лар осы көрсеткіш бойынша  астаналық ЖОО-лардан шамамен 11,6 балға артта қалды (олардың орташа балы 68,3). Өңірлердегі ірі ЖОО-лар бюджеттік қабылдау көрсеткіштері бойынша орташа есеппен алғанда астаналықтардан 13 балға қалыс қалды.

Бюджеттік орындарға қабылдаудың ең жоғары көрсеткіштері бойынша бірінші үш орынды Экономиканың жоғары мектебі, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті иеленді.

Орташа есеппен алғанда, Ресей бойынша бюджеттік орындарға конкурс бір орынға 8,2 өтінішті құрады. Бір орынға ең көп өтініштер экономикалық бағдарламаларға (21 адам/орын), саясат және халықаралық қатынастар саласындағы мамандықтарға (20,5 адам/орын), БАҚ-на (19,4 адам/орын), медицинаға (8,5-16,1 адам/орын) берілді. Инженерлік-техникалық бағыттарға орта есеппен алғанда бір орынға 7,2 өтініш; педагогикалық мамандықтарға - бір орынға 7,3 өтініш берілді. 

Бюджеттік орындарға 6 202 олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері түсті, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың деңгейінен жоғары болып табылады (5 950 адам). Қабылданған олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің үлесі қабылданғандардың жалпы санының 2,2% құрады.