You are here

Ресейлік ЖОО QS Stars халықаралық рейтингінің категориялары бойынша алғаш рет «5 жұлдызды» алды

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 10.05.2016

Ресей халық достастығы университеті (РХДУ) ресейлік жоғары оқу орындарының арасында алғашқы болып QS Stars халықаралық рейтингтің бес категориясы бойынша "5 жұлдыз" алды.

РХДУ рейтингтің білім сапасы, интернационализация, инфрақұрылымы, инновациялылық және әлеуметтік орта категориялары бойынша ең жоғарғы бағасына ие болды.

Университеттің кешенді жағдайы «4 жұлдызға» бағаланды. Рейтингтің тарихында бұндай нәтижеге әлемнің тек 26 ЖОО ие болды, солардың бірі - Массачусетс технологиялар университеті (АҚШ) және Глазго Университеті (Ұлыбритания).

ЖОО ректоры Владимир Филипповтың пікірінше, әлемдік рейтингке кіру - РХДУ-нің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруде, соның ішінде "5-100" бағдарламасы шеңберінде жасалған көптеген іс-шаралардың нәтижесі.

QS Stars -  әлемдік университеттік ең беделді рейтингтерінің бірі. Ол  университет қызметін сегіз критерий бойынша көп тұрғыдан бағалайды. Білім мекемесінің жағдайын сипаттайтын 50-ден астам көрсеткіш бойынша кешенді аудит нәтижесінде алынған балдарына байланысты ЖОО-ға QS 0-ден 5+ «жұлдыз» беріледі.  

Рейтингтің басты мақсаты – студенттерге, олардың ата-аналарына және сарапшыларға университеттер туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік беру. ЖОО-ны бағалау тәуелсіз қайнар көздерді кешенді талдау, академиялық және мамандандырылған ортаның өкілдерінің (соның ішінде жұмыс берушілер де) сауалнамасы нәтижелерін, білім беру мекемесінің студенттері мен түлектерінің пікірін зерттеу негізінде жасалады.