You are here

Ресейліктер EuroSkills 2016 чемпионатында 1-орынға ие болды

Printer-friendly versionPDF version

metronews.ru, 20.12.2016

Ресейдің Ұлттық құрамасы EuroSkills 2016 кәсіптік даярлық бойынша еуропалық чемпионатында жалпы топтық есепте бірінші орынға ие болды.

Анықтама үшін: EuroSkills – 25 жасқа дейінгі жастарға арналған Еуропадағы кәсіби шеберлік бойынша ең ауқымды жарыс. EuroSkills Чемпионаты Еуропада кәсіптік білім берудің табысты дамуына және көптеген кәсіптердің салаларында кәсіби шеберлікті айтарлықтай ілгерілеуге ықпал етеді.

Ұлттық құраманың қатысушылары электроника, техникаға қызмет көрсету және интерьер дизайны салаларында алтын медальды, графикалық дизайн, мобильдік роботты техника және кәсіпкерлік бойынша күміс медальды, желілік және жүйелік әкімшіліктендіру, акватроника және компьютерлік ойындарды 3D модельдеу бойынша қола медальды жеңіп алды.