You are here

Reuters агенттігі Еуропаның 100 анағұрлым инновациялық ЖОО-ның рейтингін жариялады

Printer-friendly versionPDF version

Reuters, 03.05.2017

Reuters Еуропаның ғылым мен технологиялардың дамуына зор үлес қосатын 100 анағұрлым инновациялық университеттерінің рейтингін жариялады. Рейтинг 2010 жылдан 2015 жылға дейін ЖОО-да жасалған патенттер мен зерттеулердің саны туралы деректер негізінде жасалды.

Бірінші орында Лёвен католиктік университет (Бельгия) тұр. Reuters атап өткендей, әлемнің ең көне католиктік ЖОО-сы теологияны зерттеумен шектелмейді: жан-жақты ғылыми зерттеулерді жүргізу оның заманауи миссиясы болып табылады. 2015ж. қорытындысы бойынша Лёвен католиктік университеттің ғылыми қызметке жұмсаған шығыстары €454 млн.-нан асты. 2016ж. желтоқсанда университет Ford компаниясымен автокөліктің 3D-принтерде басып жасалған құрал-жабдықтарының төзімділігін зерттеуге арналған серіктестігі туралы жариялады. Сонымен қатар, жақында университетте көз торының окклюзиясы бар сырқатқа алғашқы хирургиялық ота жасалды, оны ЖОО әзірлеген робот өткізді. 

Лондонның Империя колледжі (Ұлыбритания) рейтингтің екінші орнына ие болды. ЖОО, атап айтқанда, жасанды фотосинтезді зерттеуде және пилотсыздарға сымсыз сигнал беруде жетістікке жетті. Университет Shell және Qatar Petroleum концерндерімен ынтымақтастық жасайды.

Reuters-тің үшінші орнына Кембридж университеті ие болды. Агенттік атап өткендей,  Нобель сыйлығы лауреаттарының анағұрлым көп саны - 96 адам негізі 1209ж. қаланған ЖОО-мен қандай да бір дәрежеде байланысты болды. 2016 қаржы жылы Кембридж университеті жалпы соммасы £462 млн.-нан асатын зерттеу қызметіне арналған гранттарды бөлу туралы есеп берді. Университет әлемнің жетекші корпорацияларымен ынтымақтастық жасайды, ЖОО-ның аэроғарыштық өнеркәсібі саласындағы әртүрлі зерттеу жобалары Boeing жұмыс істейді.

Рейтингтегі ЖОО-лардың анағұрлым көп саны — 23 — Германиядан, 17 ЖОО — Ұлыбританиядан, 17 ЖОО — Франциядан болды.

Reuters нұсқасы бойынша Еуропа инновациялық ЖОО рейтингісінің Топ-10

Инновациялық ЖОО рейтингіндегі орын 

Университеттің атауы

Мемлекет

1

Лёвен католиктік университеті

Бельгия

2

Лондонның Империя колледжі 

Ұлыбритания

3

Кембридж университеті

Ұлыбритания

4

Мюнхен техникалық университеті

Германия

5

Лозанна Федералдық политехникалық мектебі

Швейцария

6

Эрланген-Нюрнберг Университеті 

Германия

7

Пьер және Мария Кюри Университеті 

Франция

8

Делфтск техникалық университеті

Нидерланд

9

Цюрих университеті

Швейцария

10

Оксфорд университеті

Ұлыбритания