You are here

Рейтер әлемнің ең инновациялық ЖОО атады

Printer-friendly versionPDF version

Reuters, 28.09.2016

Стэнфорд университеті Рейтер нұсқасы бойынша әлемнің ең инновациялық университеттері рейтингінің үздік университеті болды. Онжылдықтар бойы ЖОО-ның студенттері мен оқытушылық құрамы үнемі инновациялармен айналысады. 2012 жылғы зерттеу Стэнфорд түлектері құрған компаниялар жылына $2,7 трлн. табыс әкелетінін көрсетті.

Рейтинг деректері инновациялар - тұрақсыз нәрсе екенін көрсетті. Атап айтқанда, Карнеги-Меллон университетінің (АҚШ) кейсін қарастыруға болады.

2015 жылғы рейтингте ол 56-орынды иеленсе, 2016 жылы топ-100 мүлдем кірмеді. Карнеги университетінің дәйексөз келтіру жоғары болған патенті ағымдағы жылдың рейтингіне ескеру мерзіміне байланысты (10 жылда астам) кірмеуі осынының себебі болды.

Кейбір ЖОО, керісінше, өз позицияларын айтарлықтай жақсарта алды. Чикаго университеті 71-орыннан 47-орынға көтерілді. Делфт техникалық университеті (Нидерланды) 44-ші болды (2015ж. 73-орында). Сонгюнгван Университеті (Оңтүстік Корея) 46-орынға ие болды, 2015ж. 66-орында болды.

Рейтингтің 100 университетінен 46-ы америкалық. Одан кейін 9 ЖОО-мен Жапония тұр. Франция және Оңтүстік Корея 8 университетпен үшінші орында тұр.

Рейтингті құру үшін Рейтер талдаушылары патенттер мен бұл университетте өткізілетін  зерттеулер саны сияқты деректерді пайдаланды.

Әлемнің ең инновациялық ЖОО Рейтер рейтингінің Топ-10

Орын

ЖОО атауы

Мемлекет
  1.  

Стэнфорд университеті

АҚШ

  1.  

Массачусетс технологиялық институты

АҚШ

  1.  

Гарвард университеті

АҚШ

  1.  

Техас университеті

АҚШ

  1.  

Вашингтон университеті

АҚШ

  1.  

Корея озық технологиялар институты (KAIST)

Оңтүстік Корея

  1.  

Мичиган университеті

АҚШ

  1.  

Пенсильвания университеті

АҚШ

  1.  

Левен университеті

Бельгия

  1.  

Солтүстік-Батыс университеті

АҚШ