You are here

РФ алғашқы ұлттық рейтингісінің топ-20 ЖОО-сы белгілі болды

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 11.07.2017

Ректорлардың ресейлік одағының басшысы Виктор Садовничий "Университеттердің үш миссиясы" атты РФ ЖОО-ларының тұңғыш ұлттық рейтингісінің қорытындыларын хабарлады. 

Үздік оқу орындарының тізіміне келесі мәскеулік ЖОО-лар кірді: Ресей СІМ МГИМО-сы, Н.Э. Бауман атындағы ММТУ, М.В. Ломоносов атындағы ММУ, МФТИ, НИТУ "МИСиС", НИЯУ МИФИ, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің И.М. Сеченов атындағы бірінші МММУ, РФ үкіметі жанындағы Қаржы университеті, РФ президенті жанындағы РАНХиГС, И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ (ҒЗУ), РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Н. И. Пирогов атындағы РНИМУ, Ресейдің Халықтар достығы университеті.

Петербург ЖОО-ларының ішінде рейтингке Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Петр Великийдің Санкт-Петербург политехникалық университеті, ИТМО Университеті кірді.

Өңірлік оқу орындарының ішінен топ-20-ға Казань федералдық университеті, Новосібір мемлекеттік университеті, Томск мемлекеттік университеті, Томск политехникалық университеті, Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н. Ельцин атындағы УрФУ кірді.

30 шетелдік сарапшының қатысуымен дайындалған рейтингтің нақты орындар көрсетілген халықаралық нұсқасы ашық қолжетімділікпен қазан айында шығады.

2014ж. РФ президенті Владимир Путин ЖОО-лардың ұлттық рейтингін жасауға тапсырма берді. Оның міндеті - қоғамға және университеттердің өздеріне ЖОО қызметінің әрбір бағыты бойынша ондағы істің мән-жағдайын көрсету.

Рейтингте ЖОО-лар 35 өлшемшарт бойынша бағаланады, олар университеттің қазіргі замандағы негізгі үш миссиясын айқындайды: «білім беру», «ғылым», «университет және қоғам». Университеттердің баршаға танымал үш әлемдік рейтингімен (THE, QS, ARWU) салыстырғанда, басым салмақ - шамамен 40% - жаңа халықаралық рейтингте жоғары оқу орындарының білім беру миссиясының бағасы алады.

35 өлшемшарт бес топқа біріктірілді, оның әрқайсысында қорытынды бағада салмағы бар: «білім беру» (40%), «ғылым» (30%), «интернационалдандыру», «тұрақтылық және даму әлеуеті», «қашықтықтан білім беру» - 10%-дан.

Рейтингтердің  нәтижелері  РФ-та жоғары білім беруді дамытудың «5-100» үкіметтік бағдарламасында ескеріледі.