You are here

РФ Білім министрі "мамыр жарлықтарының" орындалуы туралы айтты

Printer-friendly versionPDF version

Government.ru, 28.08.2017

Жаңа оқу жылының қарсаңында РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев Білім министрлігінің басшысы Ольга Васильеваның қатысуымен селекторлық отырыс өткізді. Мәжіліс аясында Васильева РФ Президентінің 2012ж. 7 мамырдағы Жарлықтарының орындалуы туралы баяндады.

Анықтама үшін: Мамыр Жарлықтары - әлеуметтік кепілдіктерді дамытудың кең ауқымды бағдарламасы, ол туралы Владимир Путин 2012ж. президент болғаннан кейін бірден баяндады. Міндеттердің басым бөлігі 2018ж. қарай орындалып аяқталуы тиіс. Атап айтқанда, бюджеттен қаржыландырылатын жекелеген санаттардың еңбекақысы сол уақытқа дейін өңір бойынша орташа еңбекақыдан 100% дейін артуы тиіс.

Осылайша, мектепке дейінгі білім беру деңгейінде еңбекақы 5%-ға артты және 29,3 мың руб. құрайды (2016ж. - 27,9 мың руб.). Бұл жалпы білім беру саласындағы орташа еңбекақыдан 88,1% құрайды.

Жалпы білім беру деңгейінде 100% мақсатты көрсеткішпен барлық өңірлер белгіленген көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етті. Мұғалімдердің еңбекақысы 33,2 мың руб. құрайды (2016ж. - 32 мың. руб.).

Қосымша білім беретін мұғалімдердің еңбекақысы ұқсас мерзімде  8,95% артты және 32,9 мың руб. құрайды.

Орта кәсіптік білім беру деңгейінде өңірлер бойынша өндірістік оқыту шеберлері-оқытушылар үшін орташа айлық еңбекақы көрсеткіштерінің жақсы өсімі байқалды. Білім берудің осы секторындағы еңбекақы 35,4 мың руб. құрайды (2016ж. - 33 мың руб.). Елдің 59 өңірінде жас мұғалімдердің едәуір ағыны байқалды. 

Нәтижесінде, 2017ж. қабылдау комиссиясы педагогикалық ЖОО-ларға конкурс бір орынға 6-дан 7 адамға дейін артқанын көрсетті. Педагогикалық ЖОО-ларға мектептердің үздік түлектері барады.