You are here

РФ Білім және ғылым министрі жаңа білім беру стандарттары туралы айтып берді

Printer-friendly versionPDF version

Regnum, 08.08.2017

Ресейде жаңа федералдық білім беру стандарттары әзірленіп жатыр. РФ Білім және ғылым министрі Ольга Васильеваның айтуынша, оны үздік мамандар дайындап жатыр.

Біріншіден, жаңа стандарттар бойынша оқулықтардың саны азаяды. Васильеваның айтуынша, федералдық тізімде 1 470 жуық оқулықтың болғаны орынсыз болып табылады. Мысалы, бастауыш сыныптарға арналған 400 әртүрлі оқу құралдарының орнына екі бағыт (негізгі және тереңдетілген) бойынша 2-3 оқулық қалады.

Екіншіден, білім беру кеңістігі біріздендіріледі. Мектептер муниципалдық билік қарамағынан шығып, өңірлік биліктің және РФ Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігіне өтеді. Басқарудың жаңа моделінде өңірлік билік кадрларды басқарады және бағдарламаның бірыңғай мазмұндық бөлігіне жауап береді деп қарастырылған. 

Үшіншіден, 2017ж. 1 қыркүйектен бастап Ресейдің көптеген мектептерінде астрономия пәні пайда болады. 10-11 сыныптарда осы пәнге 35 сағат бөлінді. Пәнді физика пәнінің мұғалімдері жүргізеді. 2018ж. 1 қаңтардан бастап астрономия елдің барлық мектептерінде оқытылатын болады.

Министр БМЕ жойылмайтынын нақтылады, өйткені бұл мықты әлеуметтік лифт болып табылады, ол Сібірдің және Қиыр Шығыстың балаларына елдің үздік ЖОО-ларына түсуге мүмкіндік береді.

2020 жылдан 9-сынып оқушылары үшін, 2022 жылдан бастап 11-сынып оқушылары үшін ағылшын тілі міндетті БМЕ болады. 2020 жылдан бастап тарихты тапсыруға міндетті болады. 

Сонымен бірге, мектеп телевизиясын жасау жоспарланып отыр, бұнда балалардың өздері бағдарламалар мен дүниежүзілік жаңалықтардың авторлары болады.