You are here

РФ Білім және ғылым министрлігі педагогикалық мамандықтар бойынша специалитетті қайтаруы мүмкін

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 26.09.2016

Ғылым, білім және мәдениет жөніндегі Федерация Кеңесі комитетінің отырысы барысында РФ Білім министрі Ольга Васильева педагогикалық мамандықтар бойынша специалитетті қайтару мүмкіндігі туралы мәлімдеді. 

Анықтама үшін: Специалитет – РФ жоғары білімнің дәстүрлі нысаны. Маманды даярлау таңдалған бағыт аясында базалық білімді де, тереңдетілген арнайы дайындықты қамтиды. Маманды даярлау бағдарламасының мерзімі 5 жылды құрайды. 

Васильеваның айтуынша, педагогикалық бакалавриатты енгізу нәтиже бермеді және мамандарды жаппай даярлауға әкелді.  Бұндай өзгерістер бірқатар инженерлік және күш ЖОО-ға да енгізілуі мүмкін.