You are here

РФ-да ата-аналардың тек 15% ғана балаларды мектепке бергісі келмейді

Printer-friendly versionPDF version

Коммерсант, 29.08.2016

Қоғамдық пікір қорының деректеріне сәйкес ірі қалаларда тұратын ресейлік азаматтардың 15% үйде оқыту бастамасына оң көз-қарас танытып отыр. Бұндай қадамға небәрі 100-150 мың отбасы, халықтың тек 1% ғана барады.

Бұндай айырмашылық үйде оқытуға ресми рұқсат алу қиындығымен түсіндіріледі. Әдетте мұғалімдер ата-аналарға балаларды сыныптан алуға кедергі келтіреді, өйткені көлемді ұйымдастырушылық және қағаз жұмысына әкеп соқтырады. Осыған қарамастан, ата-аналар балама білім берудің кейбір артықшылықтарын атап өтеді. 

Біріншіден, кейбір стандартты білім беру жүйесі оқушылардың жеке талаптарына жауап бермеуі және табыскер оқушыларға экстернмен оқытудан басқа ештеңе бере алмауы кейбір ата-аналарды уайымдатады. Ал үйде болса, оқу жоспарын құру мүмкіндігі бар. 

Екіншіден, ата-аналар дербес оқыту оларға қымбатқа түседі деп санамайды. Шетел тілінен немесе музыкадан репетитор жалдауға шығыстар болуы мүмкін, бірақ бұндай іс-әрекеттерге басқа да ата-аналар барады.  

Оқытудың барлық түрлеріне міндетті мемлекеттік емтихандардың нәтижелері мектеп оқушылары мен үйде оқитын балалардың арасында азғана айырмашылықтың барын көрсетеді. Балама оқыту кезінде балалар айрылатын әлеуметтену анағұрлым үлкен мәселе болып қалып отыр, бұл балалардың болашақтағы кәсіби мансабында қиындықтар тудыруы мүмкін.