You are here

РФ-да балалар үйлерінің балалары жалпы білім беретін мектептерде оқитын болады

Printer-friendly versionPDF version

lenta.ru, 01.09.2016

Жаңа оқу жылы басталмай тұрып вице-премьер Ольга Голодец 2016ж. барлық өңірлерде дерлік әдеттегі жалпы білім беретін мектептерге балалар үйлерінің тәрбиеленушілері оқитын болады деп айтты. Бұл - балалар үйлерінде отбасы нысанында тәрбиелеуге максималды жақын өмір шарттарын қамтамасыз ететін бағдарламаның өте маңызды қадамы. 

Дегенмен, қоғамның әртүрлі өкілдерінің жаңа бастамаға көз-қарастары әртүрлі. Ата-аналар енді мектепте төбелестер, алым-салымдар және басқа да тәртіп бұзушылықтар басталады деп қорқады. 

Мәскеу қалалық ата-аналар комитетінің басшысы Руслан Ткаченко бірлесіп оқыту мұғалімдерге көптеген қиындықтар тудырады деп атап өтті. Мұғалімдерге аралас типті ұжымды қалыптастыру үйретілмеді, оларда бұған уақыт қарастырылмаған, оларға бұл үшін қосымша ақы төленбейді. Сонымен қатар, жаңа оқушылар мұғалімдер жұмысының көрсеткіштеріне - оқушылардың пәнді меңгеруге әсер етуі мүмкін.

Балалар үйінің балаларымен жұмыс істейтін сарапшылар бастаманы қолдап отыр. "Жетім балаларға көмек көрсететін еріктілер" қоры президенті Е.Альшанскаяның айтуынша, интернат балаларын әдеттегі мектептерге ауыстыру бұрыннан бар. Ауысу механикалық түрде болмауы тиіс: жетімдерді мектеп пәндері бойынша білімін нығайту, ал олардың сыныптастарының ата-аналарына бұл жағдайда пайда болуы мүмкін тәртіп ерекшеліктерін түсіндіру керек.

Альшанская мектепті тек білім алу орны деп қабылдауға болмайды дейді. Мектеп балалар басқаларға толеранттық қарым-қатынас үйренетін әлеуметтік лифт болуы тиіс.