You are here

РФ-да білім беру саласының төрт басты жобасы анықталды

Printer-friendly versionPDF version

ug.ru, 25.10.2016

Дмитрий Медведев РФ Президенті жанындағы стратегиялық даму және басым жобалар жөніндегі Кеңес президиумының отырысын өткізді. Кездесу барысында әлеуметтік бөлім - білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша басым жобаларды іске қосу талқыланды.

Білім беру саласының барлық деңгейлерді дерлік - мектептен ЖОО-ға дейін қамтитын  төрт пилоттық жобасы бекітілді. 

Бірінші жобаның мақсаты –оқушыларға арналған заманауи білім беру ортасын қалыптастыру. Мекептерді жөндеу және салуға, балалардың жаңа пәндерді тәжірибе жүзінде - шеберханаларда да, зерханаларда да меңгеруге мүмкіндіктері пайда болу үшін мектептерді заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауға қаржы бөлінеді. 

Екінші жоба онлайн-білім берудің сапасын және қолжетімділігін арттыруға бағытталады. Оның шеңберінде сапасы мен авторлығы расталған онлайн-курстардың барлық түрлері жарияланған бірыңғай портал құрылады. Жоба электронлы білім берудің қолданыстағы платформаларын біріктіруге арналған, сонымен бірге оқытудың нәтижелерін тексеру жүйесі қалыптастырылады. 

Үшінші жоба білікті жұмысшы мамандардың санын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл мақсатпен WorldSkills халықаралық қозғалысы белсенді дамуда. 

Төртінші пилоттық жоба ЖОО-ды дамытуға бағытталды. Ол жетекші ЖОО-дың әлемдік рейтингтердегі позицияларын орнықтыру жұмысын жалғастыруға және өңірлердің инновациялық, технологиялық және әлеуметтік даму университеттік орталықтардың санын арттыруға мүмкіндік береді.