You are here

РФ-да Президент жанындағы Білім мен Ғылым жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

Printer-friendly versionPDF version

kremlin.ru, 23.11.2016

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында РФ Президенті Владимир Путиннің төрағалығымен Білім мен ғылым кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында Ресейдің ғылыми-технологиялық даму стратегиясының жобасы талқыланды. 

Алдағы 10–15 жылда Ресей үлкен сын-қатерлермен кезігеді: экономиканы әртараптандыру қажеттілігі, қауіпсіздік, қорғаныс қабілеті, ғылыми-технологиялық даму мәселелері.

Бұл сын-қатерлерге зерттеу және әзірлемелер секторын терең құрылымдық түрлендіру және оның әлеуметтік-экономикалық саламен өзара әрекеттесудің басқа сапалы жеңгейіне өту жағдайында ғана тиімді жауап беру. Сондықтан да Стратегия ғылымды жекеленген дара сектор ретінде емес, елдің қоғамы мен экономикасын дамытудың басты элементтерінің бірі ретінде қарастырады.

Зерттеулер мен әзірлемелер секторының жалпы қызмет ету мәселесі де өзекті. Стратегияда зерттеулер мен әзірлемелер секторын қаржыландырудың деңгейін ЖІӨ 2% дейін жеткізу ұсынылады, соның ішіне 2035ж. қарай мемлекеттік инвестициялардан кем болмайтын жекеменшік инвестициялардың озық өсімінің мөлшері де кіреді. Қазіргі уақытта РФ-да ғылымның 80% бюджет есебінен қаржыландырылады. Бұл халықаралық тәжірибеге толық қарама-қайшы келеді, және жалпы алғанда, ғылымның жалпы дамуына мүмкіндік бермейді. 

М.Ломоносов атындағы ММУ ректоры В.Садовничий отырыс барысында өз ЖОО-да жас ғалымдарды қолдау тәжірибесімен бөлісті. ММУ-да зерттеулерді өткізуге қолайлы жағдай жасалған жас ғалымдарға арналған зертханалар құрылып жатыр.

Отырыс барысында кадрлық мәселе қозғалды. 2015ж. қазанда РФ Президенті мемлекеттік қызметкерлерге РҒА жаңа қызметкерлерін сайлауға қатысудан бас тартуға өкім етті. Алайда, Президент ісін басқарудың, Білім министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің және ФҚҚ-ның бірқатар қызметкерлері сайлауға қатысып сайланды.  РФ Президентінің пікірінше, мемлекеттік қызмет пен ғылыми қызметті тиімді үйлестіру мүмкін емес. Осыдан бастап бұл тұлғалар атқаратын лауазымнан босатылуы мүмкін.