You are here

РФ сарапшылары: шетелдік ғалымдар ресейлік ғалымдардан озды

Printer-friendly versionPDF version

Институт образования ВШЭ, 4.08.2016

Соңғы 10 жылда тек екі ресейлік ғалым ғана Нобель сыйлығын алды (екеуіне біреу). 2010ж. физиктер Константин Новосёлов және Андрей Гейм, Мәскеу физикалық-техникалық институтының түлектері, физикадан құрметті сыйлыққа ие болды.

1-кесте. Мемлекеттер бойынша Нобель сыйлықтарының саны туралы ақпрарат, 2006-2016, бірл.

Мемлекет

Нобель сыйлықтарының саны

АҚШ

53

Ұлыбритания, Жапония

10

Франция

8

Германия

7

Израиль, Қытай, Канада

3

Швеция, Норвегия

2

Ресей, Беларусь, Перу

1

Ресей ғылымдар академиясының Президенті Владимир Фортовтың айтуынша, бүгінгі таңда ресейлік ғылым дағдарыс жағдайында тұр. Ғылымға ЖІӨ-нің 1,14% бөлінеді. Ғылыми өсімді көрсететін мемлекеттерде бұл сан 2 - 3% деңгейінде тұр.

РҒА профессоры Сергей Варфоломеев 1991-2010жж. қаржыландыру академиялық институттарда, университеттерде адамдар жалақыны әрең алатын деңгейде болғанын атап өтті. 20 жыл - уақыттың өте ұзақ мерзімі, демек, жас ғалымдар елден кетті. Кеткендер қолынан келгенше жұмыс істеді, солардың арқасында ғылым сақталды. Варфоломеевтің айтуынша, Ресейде ғалымдардың саны жеткілікті, жас әрі талантты ғалымдар жеткіліксіз.

Білімді дамыту институты ЭЖМ Білім беру бағдарламалары департаментінің директоры Ирина Абанкина ресейлік ғылымның даму жолындағы негізгі кедергісі ретінде академиялық зерттеулердің тәжірибелік зерттеулерден бөлектілігін атады. Абанкинаның айтуынша, Ресейде академиялық және қолданбалы ғылымдарды бөлу моделі қабылданды. ЖОО, институттар іргелі ғылыммен, ал жобалық орталықтар, бизнес қолданбалы зерттеулермен айналысады. АҚШ-та академиялық зерттеулер базалық ЖОО-да өтеді және  бірден тәжірибеге енгізіледі және керісінше.

Екінші мәселе ретінде Абанкина зертханалардың, ғылыми орталықтардың, зерттеу жобаларының жеткіліксіз қаржыландырылуын атады. Әдетте, анағұрлым перспективалық көп жағдайда қолданбалы әзірлемелерге және зерттеулерге қаржылай қолдау көрсетіледі. Академиялық ғылым шын мәнінде аз қаржы алады, соның кесірінен ол ақырын дамиды. 

Қазіргі уақытта жетекші халықаралық ғылыми журналдардағы жариялымдардың небәрі 1,8% ресейлік ғалымдардікі болып табылады. 2018ж. қарай бұл сан 2,8% дейін өседі деп жоспарлануда, яғни ресейлік ғалымдар жылына 148 мың мақала жариялауға тиісті.

Ресейлік ғалымдардың халықаралық журналдардағы жариялымдар пайызының төмен болуы с халықаралық жариялымдар тілін меңгерудің төмен дәрежесіне де байланысты. Ағылшын тілін білмеуіне байланысты ғалымдар дәйексөз келтіру индексінде көрсеткіштерді жоғалтады — шетелдік ғалымдар орыс тілінде оқымайды. 

Халықаралық ғылыми баспалардағы барлық жариялымдардың көлемі бойынша бүкіл елдердің озығы — АҚШ (12%), Ұлыбритания (7%). Ағылшын тілінің бұл елдердің ғалымдарының туған тілі болуымен, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі ғылыми журналдардың басым бөлігінің АҚШ және Ұлыбританияның меншігінде болуымен байланысты.

Сонымен қатар, ресейлік ғалымдар елтанумен жиі айналысады. Жариялымдардың тақырыбы халықаралық оқырманға қызықты емес. Ресейдің мәселелері басқа мемлекеттердің мәселелерімен сәйкес келмеуі мүмкін.