You are here

РФ-те жоғары білім ДМШ адамдарға қолжетімді болады

Printer-friendly versionPDF version

vesti.ru, 27.02.2017

РФ Қоғамдық палатасы жоғары білімнің мүгедектер мен денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі (ДМШ) тұлғалар үшін қолжетімділігінің жалпыресейлік кешенді мониторингісінің нәтижелерін ұсынды.

Мониторингті "Ерекше пікір" зерттеу орталығы РФ Президенті жанындағы Мүгедектерді ісі жөніндегі Комиссиясы, РФ Білім және ғылыми министрлігі, РФ Мәдениет министрлігі мен РФ Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен РФ Қоғамдық палатасының мүшелерімен бірлесіп өткізді.

Зерттеу барысында мүгедектерге жоғары білім алуға кедергі келтіретін бірқатар мәселелер анықталды. 30 жасқа толмаған 33 мүгедек қана (3,07%) студент бола алады, бұл кезекте, олардың денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектелмеген әрбір бесінші қатарласы студент бола алады екен. Мүгедектер Ресейдің барлық студенттерінің небәрі 0,38%-ын құрайды, дегенмен, олардың басым бөлігі (2010-2016жж. 25-63%) әртүрлі себептерге байланысты оқуын бітірмейді, ал бүгінгі таңда еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің тек 25% ғана жұмысы бар.

Барлық деңгейлерде мәселелер тіркелді: ЖОО тандағанда, оқуға түскенде, білім алғанда, жұмысқа орналасқанда. Осылайша, мүгедектерге оқуға түсу және білім алу шарттары туралы қажетті ақпарат жетіспейді, өйткені мүгедектердің оқуға түсуіне қажетті құжаттардың тізімін өз сайттарында ЖОО-ның тек 14% ғана көрсетеді. Мүгедектерге арналған арнайы оқу құралдары туралы ЖОО-ның тек 31% ғана хабарлайды. Алайда, ЖОО басым бөлігі - ұйымдардың 81%-ы сайттың нашар көретіндерге арналған нұсқасын жасады.

Мүгедектің бір ЖОО-ға және бір мамандыққа арнайы квота бойынша түсуге мүмкіндігі бар, ал қалған талапкерлердің 5 ЖОО-ға және әрқайсысына 3 мамандық бойынша құжат тапсыру мүмкіндіктері бар.

Сонымен, мамандық алған мүгедектер жұмысқа орналасу мәселесінде өз-өзіне ғана сүйене алады: мүгедек-түлектердің 34%-ы өз бетінше жұмысқа тұрады, ал ЖОО 31%-ына жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді.