You are here

Роботтар бізді жұмыссыз қалдырады ма?

Printer-friendly versionPDF version

executive.ru, 29.06.2016

10 жылдан кейін-ақ төртінші өнеркәсіп революциясы еңбек нарығын өзгертеді. Gartner кеңес беру агенттігі 2020-2025 жылдарға қарай ақылды машиналардың таралуын болжайды. Foxconn компаниясының қытайлық зауыттарының бірінде, ақылды машиналармен алмастырып, қызметкерлердің жартысын, 60 мың адамды жұмыстан шығарды. Янгстаун америкалық қалашығында (Огайо штаты) 5 жылда бұл сызба бойынша жұмыс орындар саны 50 мыңға қысқарды. 

Анықтама үшін: Foxconn – электрониканы ірі өндіруші. Sony үшін Canon, PlayStation бейнекамераларын, Apple барлық өнімдерін, Intel үшін жүйелік тақталарды және т.б. шығарады.

«Сколково» қорының Робототехникалық орталығының жетекшісі Альберт Ефимовтың болжамы бойынша, 2025 жылға дейін нарықта роботтардың келесі түрлері сұранысқа ие болады.

Біріншіден, қоршаған ортаны түсінетін және машиналарға оны түсінуге көмектесетін когнитивтік жүйелер. Екішіден, аталмыш ко-роботтар (коллаборативті роботтар) – адамның жанында бір бөлмеде жұмыс істейтін өндірістік машиналар. Үшінші түрі – жасанды интеллект, бағдарламалық қамтамасыз ету, олар, мысалы, байланыс орталығының бірінші желісін қолдайтын операторларын толық алмастыруға қабілетті болады.

Осылайша, жұмыссыздықтың өсуін болдырмау үшін роботтарды өндірумен айналысу керек. Ефимовтың айтуынша, егер мемлекет өзінің роботтарын жасағысы келмесе, онда кейін ол өз жұмыссыздарын асырауға мәжбүр болады.