You are here

Round University Ranking университеттердің халықаралық рейтингі әлемнің үздік ЖОО-ларын атады

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 06.04.2017

Round University Ranking университеттердің халықаралық рейтингі (бұдан әрі – RUR) университеттердің бірінші ресейлік жаһандық рейтингі болып табылады. Ол университеттерді бес бағыт, 20 параметр бойынша бағалайды: оқыту сапасы (ЖОО бағасынан 40%), зерттеулердің сапасы (40%), интернационализация деңгейі (10%), қаржылық тұрақтылық деңгейі (10%).

Анықтама үшін: RUR - 2013ж. пайда болған ресейлік рейтингтік агенттік. Round University Ranking университеттердің рейтинг жүйелерін жариялайды, сонымен қатар университеттерді бағалау саласында кеңес береді. RUR рейтинг жүйесіне арналған деректерді Сlarivate Analytics  халықаралық компаниясы жеткізеді (бұдан бұрын Thomson Reuters-тің ғылыми зерттеулер және зияткерлік меншік жөніндегі құрылымдық бөлімшесі болды).

RUR-2017 рейтингіне әлемнің 74 елінен 763 университеті қатысты. ЖОО саны бойынша (140) АҚШ көшбасшы болды, бұл 2016ж. салыстырғанда бір ЖОО-ға аз болды. Екінші орында 81 университетпен Қытай тұр. 

Гарвард университеті әлем бойынша 1-орынға қайта оралды, оны екі жыл қатарынан Калифорния технологиялық институты ұстап тұрды, биыл ол 2-орында иеленді. Чикаго университеті үздік үштікті аяқтайды. Осылайша, әлемдік топ-10-ға АҚШ-тың жеті ЖОО-сы және Ұлыбританияның үш ЖОО-сы кірді. Топ-20-да тағы үш мемлекет бар: Швейцарияның екі университеті (Лозанна Жоғары политехникалық мектебі (11-орын) және Цюрих Жоғары политехникалық мектебі (15-орын), Швеция (Каролина институты - 13-орын) және Франция (Политехникалық мектеп - 16-орын).

Қазақстанның атынан рейтингте жалғыз ЖОО аль-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдік етті (619-орын). Ресейдің атынан 67 университет өкілдік етті. Топ-500-ге 10 ЖОО кірді: М.В.Ломоносов атындағы ММУ (145-орын), МИФИ (231-орын), Томск мемлекеттік университеті (256--орын), МФТИ (294-орын), Жаңасібір мемлекеттік университеті (372-орын), Томс политехникалық университеті (420-орын), РУДН (456-орын), ИТМО Университеті (475-орын), Н.Н. Лобачевский атындағы Нижегородск мемлекеттік университеті (494-орын).

THE азия ЖОО рейтингінің топ-10

Рейтингтегі орын

Университеттің атауы

Мемлекет

RUR

QS WUR

ТНЕ

ARWU

1

3

6

1

Гарвард

АҚШ

2

5

2

8

Калифорния технологиялық институты

АҚШ

3

10

=10

10

Чикаго

АҚШ

4

9

8

22

Лондон Империялық колледжі 

Ұлыбритания

5

2

3

2

Стэнфорд

АҚШ

6

1

5

5

МИТ

АҚШ

7

6

1

7

Оксфорд университеті

Ұлыбритания

8

20

16

9

Колумбия

АҚШ

9

4

4

4

Кембридж

Ұлыбритания

10

11

7

6

Принстон

АҚШ