You are here

Салық саясаты мен халықтың дағдыларын дамыту

Printer-friendly versionPDF version

Education and Skills Today, 06.04.2017

Жан-жақты экономикалық дамуды нығайту және мықты қоғамды қалыптастыру үшін дағдыларды инвестициялаудың мәні өте маңызды. Саясаткерлердің басым бөлігі технологиялар мен жұмыс тәсілдерінің тез өзгеруі дағдылардың өмір бойы тұрақты жаңартылуын талап ететінін мойындайды.

Бұл жаңа шынайылық үкіметтің, компаниялар мен жеке тұлғалардың алдына көптеген сұрақтарды қояды. Олардың ішінде ең маңыздысы: жаңа дағдыларды меңгеруге кім төлеу керек?

Бұл мәселеде салықтар маңызды роль атқарады. Білім беру қызметтерін қамтамасыз ету салықтарға тәуелді, ал салықтан түсетін жақсы кірістер жақсы білім беру қызметтеріне тәуелді.

ЭЫДҰ-ның "Салық салу және дағдылар" атты жаңа баяндамасында (Taxation and Skills) салық саясатының ЭЫДҰ елдерінде дағдыларды дамытуға ықпалы мәселесі қарастырылады. Зерттеуде, сонымен бірге, жоғары білімге, ересектерге арналған білімге жұмсалатын шығыстардан түсетін мемлекет пен білім алушылар үшін пайдасы да бағаланады.

Дағдыларды дамытуға жұмсалатын мемлекеттік шығыстарға қоса ЭЫДҰ әрбір мемлекеті дағдыларды инвестициялауды қамтамасыз ету үшін салық жүйесін қолданады. Атап айтқанда, студенттердің кірісіне салықтық жеңілдіктер, салық шегерісі мен салық мөлшерлемесін төмендету үкіметтерге дағдыларды инвестициялауды ерте кезеңде де, өмір бойы қамтамасыз етуге көмектеседі.

Салық жүйесі дағдыларға жұмсалатын қаражаттан үкіметке де, студенттерге де табыс алуға көмектеседі, өйткені олар анағұрлым жоғары жалақы  ал үкімет салықтан түсетін көбірек түсімді ала алады.

Баяндама авторлары білімді инвестициялау қоғамның барлық мүшелеріне өзінің өнімді әрі әлеуетін іске асыру мүмкіндігін ұсына отырып, экономиканың өнімділігін арттырады және бұл кезекте теңсіздікті азайтады деген қорытындыға келді. ЖОО түлектерінің 4 жылдық еңбекақысы, ЖОО-да білім алғанда  жұмсаған шығыстарынан орта есеппен 48%-ға артық.

Осы кезекте, үкімет жоғары білімді инвестициялауға жұмсаған шығыстарын кіріс салығынан түсетін анағұрлым жоғары түсім есебінен 118%-ға өтейді.  

Дегенмен, көптеген қызметкерлердің дағдыларды инвестициялау үшін дұрыс қаржылық ынтасы болмайды. Мүлік пен құрал-жабдықтар сияқты физикалық активтерге қарағанда, адами капиталды займ алу үшін кепілдік ретінде пайдалануға болмайды. Бұл дағдыларға салым салуға арналған несиелердің қолжетімділігін қиындатады. Бұл кезекте, компаниялар қызметкерлерінің дағдыларын дамытуға жеткілікті қаражат жұмсамайды, өйткені оларды бәсекелестері тартып алады деп қорқады. Сонымен қатар, жеке тұлғалар мен компаниялар үшін өз дағдыларын инвестициялау туралы қажетті ақпарат қолжетімсіз болады.

ЭЫДҰ есебі салық саясаттарының адами капиталды дамытуға тұрақты салымдарды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін көрсетеді.