You are here

Сарапшы: Ресейдің балабақшалары - әлемдегі ең үздік балабақшалар

Printer-friendly versionPDF version

МОН РФ, 02.03.2016

Мәскеуде "Білім беруді дамыту тенденциялары" атты отызыншы жылсайынғы конференция өтті. Конференцияға қатысқан Доктор Нико ван Оуденховен, балаларға мектепке дейінгі білім беру және дамыту саласында әлемдік деңгейдегі сарапшы, ресейлік мектепке дейінгі білім беру мекемелерін әлемдегі ең үздік балабақшалар деп атады. 

Сарапшының айтуы бойынша, Ресей мектепке дейінгі білім беру жүйесінің озықтылығы толық автономиясы мен мектептен бөлектігі болып табылады. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері басқа мемлекеттерге қарағанда, әртүрлі және кең диапазонды білім ұсынады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу процесінде баланың жалпы дамуы мен мәдениетті меңгеру мақсатына көп көңіл бөлінеді. 

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту үшін сарапшылар басқа мемлекеттермен табысты тәжірибе алмасуға және халықаралық білім беру қауымдастығында танылған инновацияларды енгізуге кеңес береді.