You are here

Сауд Аравиясы шетелде білім алу гранттарының санын азайтуда

Printer-friendly versionPDF version

CNN, 9.02.2016

Сауд Аравиясы Үкіметі Абдалла патшасы тағайындаған мемлекеттік шәкіртақыны алу талаптарын күшейтеді. Енді студент оқығысы келетін ЖОО университеттер әлемдік рейтингінің топ-100 кіруі керек. Бұл іс-шара бюджеттік қаржыны үнемдеу мақсатымен қабылданды. Осы жылы білім беруге бөлінетін қаржы 12%-ға қысқартылады. Өткен жылы мемлекеттік шы,ындардың шамамен 25%-ы білім беруге бөлінген болатын. 

Анықтама үшін: Шетелде оқу шәкіртақылардың мемлекеттік бағдарламасы 2005ж. қабылданды. Бағдарлама студенттер, магистранттар мен докторанттардың оқу, медициналық сақтандыру, үй жалдау, жол шығындарын толық өтейді. 2015ж. бұл бағдарлама арқасында Сауд Аравияның 200 мың студенті шетелде білім алды. 

Сауд Аравиясы шәкірақысы шеңберінде білім алушылар санының азаюы АҚШ ЖОО-на кері әсер етеді. 2014ж. АҚШ ЖОО-на Сауд Аравиясының 60 мың студенті оқуға қабылданды.

Анықтама үшін: Халықаралық Білім Институтының мәліметтері бойынша, Сауд Аравиясы АҚШ-та білім алатын студенттер саны бойынща төртінші орын алады. Үздік үштікке Қытай, Үндістан және Оңтүстік Корея кіреді. Соңғы 10 жылда Сауд Аравиясы студенттерінің ұтқырлығының жоғарылығы Сауд Аравиясы Үкіметі қамтамасыз ететін шетелде білім алу шәкіртақысы кеңауқымды бағдарламасының нәтижесінде болды.