You are here

Шамамен екі мың мәскеу педагогтары мұғалімдерге арналған Бірыңғай мемлекеттік емтиханнан өтпекші

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 15.03.2016

2016 жылдан Мәскеуде әр мұғалім Бірыңғай мемлекеттік емтихан (БМЕ) формасында диагностикадан өте алады. Мұғалімдерге арналған емтиханды Мәскеу білім сапасы орталығының Тәуелсіз диагностика орталығы ұйымдастырады.

Ағымдағы жылдың наурыз және сәуір айларында 1,5 мың педагог емтихан тапсыруды шешті. Тапсырмаларды орындау үшін мұғалімдерге БМЕ тапсырғанда бөлінетін уақыт беріледі. Емтиханды барлық мектеп пәндері бойынша тапсыруға болады. 

Бастауыш мектеп мұғалімдеріне негізгі мектеп курсынан, мектепке дейінгі білім беру мекемелер қызметкерлеріне бастауыш мектеп курсынан тапсырмалар орынау ұсынылады. Бұл мұғалімдерге олардың оқушыларынан қандай нәтижелер күтуге болатынын көруге мүмкіндік береді, 

Мұғалімдердің емтихан нәтижелері жеті-он күнде дайын болады. Тестілеу аяқталғаннан кейін Мәскеу білім сапасы орталығы сертификат береді. Олар педагогқа жеке беріледі және ашық жарияланбайтын болады. 

Әр педагогқа емтихан тапсыру үшін қолайлы уақыт пен күні белгіленеді. Іс-шара барлық мұғалімдер үшін ерікті негізде өткізіледі.