You are here

Шешен Республикасының басшысы педагогика мамандықтарының студенттеріне стипендия тағайындады

Printer-friendly versionPDF version

tass.ru, 14.06.2016

Шешен Республикасы елбасының міндетін уақытша атқарушы Рамзан Кадыров студенттерге өңірден тысқары орналасқан ЖОО-да педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға стипендия тағайындады.

Бағдарлама мектептерде білікті мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жүзеге асырылады. Оқуды аяқтағаннан кейін студенттер Шешен Республикасы білім беру ұйымдарында 5 жыл жұмыс істеуге міндетті болады.  

Мөлшері 12 мың рубль шәкіртақыны жыл сайын 60 адам алатын болады. Төлемақының жалпы мөлшері жылына 8,6 млн. руб. құрайды. Бағдарламада педагогикалық мамандарды даярлау бойынша «Орыс тілі және әдебиеті», «Биология және химия», «Физика және математика», «Шетел тілі (ағылшын, неміс)» мамандықтары басым.

Студенттер Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика университеті, Басқару мемлекеттік университеті, Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университеті, А.С.Пушкин атындағы Орыс тілінің мемлекеттік институтына және т.б. ЖОО-ға оқуға жіберіледі.