You are here

Шетелдік студенттер АҚШ-та жоғары білімді қаржыландырудың жетіспеушілігін төмендетуге көмектесіп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Pienews, 03.01.2017

Экономикалық зерттеулер ұлттық бюросының деректеріне сәйкес АҚШ-та мемлекеттік зерттеу университеттерін қаржыландыруды қысқарту осы оқу орындарында студенттер санының айтарлықтай артуына ықпал етті. 

Авторлар мемлекеттік шығыстарды 10%-ға азайту АҚШ мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеттерінде шетелдік студенттер үлесінің 12%-ға артуымен корреляцияланады деген қорытындыға келді.

1980-ші жылдары бір студентке шаққандағы мемлекеттік шығыстар $12 мыңнан 2013-14 оқу жылындағы $7 мыңға дейін кенет азайды.

Соның салдарынан, ЖОО-лар ақылы негізде білім алатын студенттерге анағұрлым тәуелді болды. Оқу ақысынан түсетін кіріс 2013-14 оқу жылы мемлекеттік ЖОО бюджетінің жартысына жуығын (47,8%) құрады, 2008-09 оқу жылы ол 35,8% болды.

Есептің деректері басқа мемлекеттерден келетін студенттер үлесінің өсімі болмағанда, ЖОО-лар барлық шығыстарды қысқарту және америкалық студенттер үшін оқу ақысын ұлғайту қажеттілігіне тап болатынын көрсетті.