You are here

Шотландия: мұғалімдердің жартысына жуығы ділдік бұзушылықтардан зардап шегеді

Printer-friendly versionPDF version

TES, 27.02.2017

Мұғалімдердің денсаулығын зерттеуге қатысқан респонденттердің шамамен жартысы ділдік бұзушылықтар туралы айтты, осылайша, мұғалімдер өзінің кәсіби қызметінде тап болатын жүктемелілікке қатысты қауіпті дәлелдеді.

Мұғалімдердің басым бөлігі әртүрлі дәрі-дәрмектерді қабылдау керектігін де мойындады. Мұғалім мамандығына қойылатын талаптар өте жоғары, Ділдік денсаулықтың ұлттық жедел желісінің операторы мәлімдегендей, әр мектепте мұғалімдерге арналған психолог жұмыс істеу керек.

Мұғалімдердің 45%-ы жан-күйін "нашар" немесе "өте нашар" деп сипаттады және 15%-ы жұмыстағы күйзелістің салдарынан дәрі-дәрмектерді қабылдауға мәжбүр екенін айтты.

Зерттеудің авторы Дженни Харви да әрбір дерлік мұғалім оқу процесінің сапасының кесірінен кінәнің "ауыртпалығын" сезетіні туралы айтты. Бұл құбылысты ол әр мұғалімнің балаларға үздігін беруге ұмтылуымен, ал бұны уақыт пен мектептерде материалдық ресурстар жетіспегенде жасау қиынға соғатынымен түсіндіреді.

Ділдің денсаулық жедел желісінің ұлттық үйлестірушісі Тони МакЛарен мектептер тарапынан оның қызметіне деген сұраныс соңғы 5 жылда айтарлықтай артқаны туралы хабарлады.

Шотланд үкіметі мұғалімдердің жүктемелілігін төмендету әкімшілік үшін басым болып табылатыны және осыған қатысты бірқатар іс-шаралар қабылданғаны туралы мәлімдеді. Шенеуніктердің айтуынша, мемлекетте ділдік бұзушылықта көрсетілетін алғашқы көмек аясында мектеп мұғалімдері мен оқушыларын қолдау жөніндегі тренингтер өткізіледі.