You are here

Шотландияда тәлімгерлер қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға көмектеседі

Printer-friendly versionPDF version

The Herald, 13.07.2017

MCR Pathways жобасы Глазго қаласында қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға оқытуға көмектесу мақсатымен іске қосылды.

Анықтама үшін: MCR Foundation – Шотландияда негізі 2013ж. қаланған қоғамдық ұйым. MCR басты мақсаты – қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға оқуда, жұмыста және жалпы өмірде көмектесу.

Шотландия астанасының 15 мектебінде 600 жуық бала жоба шеңберінде тәлімгерлерден қолдау тапты. 2017ж. MCR Pathways жобаның жетістіктерін көрсететін есепті жариялады.

Жоба шеңберіндегі жұмыс мектептерде кіріс деңгейі әртүрлі отбасылардан шыққан балалардың оқу үлгеріміндегі айырмашылықты азайтуға мүмкіндік берді. Тәлімгерлердің арқасында қолайсыз отбасылардан шыққан балалардың ЖОО-да оқуын жалғастырған немесе жұмыс тапқан үлесі 48%-дан 81% дейін артты. Мектептердің біреуінде барлық балалардың 100%-ы ЖОО-ға, колледжге түсе алды немесе жұмысқа орналаса алды. Жоба басталғанға дейін осындай жетістікке балалардың тек 31%-ы ғана жететін. 

MCR Pathways Глазгоның барлық мектептерін қамтуды жоспарлап жатыр, алайда, бұл үшін оларға анағұрлым көп тәлімгерлер керек, өйткені балалардың саны 2,5 есе артады. Глазго қаласының мәриясы өз персоналының 10%-ын тәлімгер ретінде беруді және жекеменшік компанияларды тартуды жоспарлап жатыр. Сондай-ақ жобаны басқа  шотландтық қалаларда кеңейту де жоспарланып жатыр.