You are here
Швецияда балалардың сандық сауаттылығын бастауыш мектептен жақсартады


Швецияда сандық сауаттылықты арттыру оқу бағдарламасы аспектілерінің бірі болады. Оқу бағдарламасындағы өзгерістер 2018ж. шілдеде күшіне енеді. Балалар бірінші сыныптан бастап бағдарламалауды меңгеретін болады, сонымен қатар ақпараттың сенімді және сенімсіз дереккөздерін ажыратуға үйренеді.
Швеция білім министрі Густав Фридолиннің (Gustav Fridolin) пікірінше, ақпараттың қомақты көлемі кеңінен қолжетімді болған заманда, оқушылардың оның дереккөздеріне деген сыни қатынасын қалыптастыру керек. Швед халқын сауалнамалау нәтижелеріне сәйкес, 10 адамның 8-і жалған жаңалықтар ақпаратты қабылдауға ықпал ететіне сенімді. Бұл кезекте, халықтың басым бөлігі олар оқитын жаңалықтарға сенбейді.