You are here

Швейцария ең интернационалды ЖОО рейтингінің көшін бастады

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 01.02.2017

Швейцарияның Цюрих жоғары техникалық мектебі 2017ж. Times Higher Education (ТНЕ) рейтингінің ең интернационалды университеттерінің көшбасшысы болды.

Рейтингке ТНЕ негізгі рейтингінің Топ-500-дің 150 ЖОО қатысты. 

Рейтингтің әдіснамасы халықаралық студенттердің, оқытушылардың және журналдарда кем дегенде бір шетелдік ғалыммен бірге жазылған жариялымдардың үлесі сияқты көрсеткіштер негізінде жазылды. Рейтингке а.ж. халықаралық мәртебе - төртінші көрсеткіші де қосылды. Ол жалпы бағаның 25% құрап, жоғары білім саласындағы жетекші зерттеушілер сауалнамасының нәтижелері бойынша бағаланады. 

Рейтингте көшбасшы орындарға ие болған барлық ЖОО-лар экспортқа бағдарланған, салыстырмалы түрде шағын мемлекеттердің өкілдері болып табылады, онда ағылшын тілі ресми болып саналады немесе кеңінен қолданылады. 

ТНЕ-нің деректер саласындағы сарапшысы Билл Вонг (Billy Wong) пікірінше, рейтингтің нәтижелері Гонконг, Сингапур және Швейцария сияқты мемлекеттер еңбек ресурстары мен бастамаларды (идеяларды) елден тыс жерлерде жиі іздейтін  жаһандық сауда орталықтары болып табылатын фактіні айқындайды.

Ағылшын тілі – интернационализацияны дамытуға ықпал ететін басқа фактор. Рейтингтің топ-20-да ағылшын тілді емес небәрі бір өкіл - француз Лозанна политехникалық мектебі бар. 

Рейтингтегі ЖОО саны бойынша (64) көшбасшы АҚШ болды. Бұл рейтингтің топ-500 ЖОО-ларды қамтуына байланысты болуы мүмкін, ал оның төрттен бір бөлігі  -АҚШ-тың өкілдері.

Топ-20 британдық ЖОО (10) бар, соның ішінде Лондонның Империя колледжі үздік болды (5-орын).

Орын

THE негізгі рейтингтегі орны 

Оқу орнының атауы

Мемлекет

  1.  

9

Швейцарияның Цюрих жоғары техникалық мектебі 

Швейцария

  1.  

=30

Лозанна федералдық политехникалық мектебі 

Швейцария

  1.  

=43

Гонконг университеті

Гонконг

  1.  

24

Сингапур Ұлттық университеті 

Сингапур

  1.  

8

Лондонның Империя колледжі 

Ұлыбритания

  1.  

1

Оксфорд университеті

Ұлыбритания

  1.  

47

Австралия Ұлттық университеті

Австралия

  1.  

4

Кембридж университеті

Ұлыбритания

  1.  

15

Лондонның Университеттік колледжі 

Ұлыбритания

  1.  

=25

Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебі 

Ұлыбритания