You are here

Швейцария Жастарды жұмыспен қамту индексі 2016 бірінші орынды иеленді

Printer-friendly versionPDF version

lenews.ch, 09.11.2016

PwC кеңес беру және аудит салаларындағы компаниялардың халықаралық желісі Жас қызметкерлер индексінің жылдық нәтижелерін жариялады. Зерттеу ЭЫДҰ барлық мемлекеттерінде өткізілді. Зерттеудің нәтижелері бойынша бірінші орынға Швейцария, екінші орынға Германия, үшінші орынға Австрия жайғасты.

Анықтама үшін: Жас қызметкерлердің индексі елдегі жастардың экономикалық әлеуетінің дамуын өлшейді. Оны PwC британдық зерттеу орталығы өткізеді.

Талдау көрсеткендей, көптеген мемлекеттерге жастардың дуалды оқытуда жоғары қатысу ерекшелігі тән. Қазіргі уақытта жастардың 70%-ы 200 және одан да артық кәсіп бойынша оқушылық бағдарламаларға тартылған.

Жұмыс істейтін жастардан экономикалық тұрғыдан түсетін табыс үлкен болады. PwC болжамы бойынша, ЭЫДҰ елдері NEET ұрпағының үлесін  Германияның деңгейіне дейін (10%) төмендеткенде, әлемдік экономика $1 трлн. артатын еді.  NEET ұрпағының үлесін Швейцарияда 2% төмендету елдің ЖІӨ 0,8% арттырды.

Анықтама үшін: NEET ұрпағы – әртүрлі экономикалық, әлеуметтік және саяси себептерге байланысты жұмыс істемейтін және білім алмайтын 16-34 жастағы жастар.