You are here

Швейцарияда федералдық үкімет балабақшаларды анағұрлым қолжетімді етпекші

Printer-friendly versionPDF version

Swissinfo.ch, 04.05.2017

Швейцарияда мектепке дейінгі ұйымдардың төлемақысына отбасының едәуір бөлігі жұмсалады. Осы себеппен көптеген швейцариялық әйелдер бала босанғаннан кейін үйде қалып, жұмысқа шықпайды. 

Швейцария парламенті үлкен палатасының депутаттары (Ұлттық кеңес) жақында қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгерістер енгізуге дайын екенін айтты. Олар федералдық бюджет есебінен отбасының қаржылай жүктемесін төмендетуге қатысты болады, оларға балабақша қызметтерін пайдаланумен байланысты шығыстардың жартысы өтелетін болады. Парламенттің екі палатасы да келіскен қаржылай көмек Швейцарияның ірі мемлекеттік-аймақтық бірліктері - кантондардың бюджеттері арқылы іске асырылады. 

Отбасылардың балабақша субсидияларын арттыруды шешкен федерация субъектілері бірінші жылы федералдық үкіметтен оларға бұл мақсаттарға бөлінген сомманың 65%-дық өтемақысын алу құқығын алады. Екінші жылы 35% және үшінші жылы 10% өтеледі. Депутаттардың пікірі бойынша, бұл кантондарға өздерінің бюджеттік шығыстары мен кірістерін жаңа міндеттерге бейімдеуге мүмкіндік береді.

Федералдық бюджеттің балабақша қызметтерін арзандату мақсаттарына жұмсалатын жалпы шығыстарының соммасы $82 млн. теңболды. Тағы $15 млн. мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын қызметтердің палитрасын ата-аналардың шынайы мұқтаждықтарына қарай реттеуге бөлінетін болады.