You are here

Сингапур бастауыш мектепте бітіру емтихандарының реформасын енгізіп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

The Straits Times, 27.12.2016

Сингапурдың Білім министрлігі бастауыш сыныптардың емтихандарын реформалай бастады.  Мақсаты – бағалардың маңыздылығын төмендету және оқушыларды оқытуға ерекше көңіл аудару.

Бастауыш сыныптарға арналған бітіру емтихандарында бұдан бұрын біріктірме рейтингтік жүйе пайдаланылатын, бұнда әр оқушының нәтижелері басқа оқушылармен салыстырыла отырып бағаланатын. Енді әр оқушыға басқа қатарластармен салыстырмай 1-ден 8-ге дейін баға қойылатын болады. Министрліктің пікірінше, бұл балаларға бәсекелестіктен гөрі өз оқуына көңіл бөлуіне көмектеседі.

Бағалардың маңыздылығын төмендету бойынша алдыңғы іс-шараларға емтихандарда ең жоғары нәтижелерді алған оқушылардың тізімін жариялауды жоюды жатқызуға болады. 

Сонымен қатар реформа сабақтан тыс жұмысқа арналған бос уақыттың артуына ықпал етеді.

Осылайша, Сингапур келешек жұмыс үшін оқушылардың дағдыларын дамытуды қолдауға ұмтылып жатыр.

А.ж. бірінші сынып оқушылары 2021ж. қарай бастауыш мектепті аяқтағанда жаңа жүйе бойынша тұңғыш болып бағаланады.

Бастауыш мектептегі реформадан кейін білімнің басқа деңгейлерінде де өзгерістер күшіне енеді деп күтілуде. Бұл бағалардың емес, білімнің және дағдыларды дамытудың маңыздылығын арттырады.